Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада балабақша тәрбиешісі баланы ұрған болуы мүмкін — іс тергелуде Алматыда танысудан бас тартқан қызға су шашқан ер адам ұсталды Көлік прокуратурасы жолаушылар тасымалы конкурстарындағы заңбұзушылықтарды анықтады Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген Жұлдыз жорамал: жанжалдан кейін қай белгі қалай татуласады Көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасы медаль есебінде көш бастап тұр Астанада балабақша тәрбиешісі баланы ұрған болуы мүмкін — іс тергелуде Алматыда танысудан бас тартқан қызға су шашқан ер адам ұсталды Көлік прокуратурасы жолаушылар тасымалы конкурстарындағы заңбұзушылықтарды анықтады Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген Жұлдыз жорамал: жанжалдан кейін қай белгі қалай татуласады Көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасы медаль есебінде көш бастап тұр

    «Дұшпандарыма мереке сыйладым»: Мақпал Жүнісова хейтерлерге жауап берді

    «Дұшпандарыма мереке сыйладым»: Мақпал Жүнісова хейтерлерге жауап берді

    Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

    Халық әртісі Мақпал Жүнісова өзін сынайтындарға үн қатты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Жақында өнер иесі атышулы видео жариялап, ел талқысына түскен еді. Журналист Дина Төлепбергенмен сұхбаттасып, жан сырын ақтарды.

    “Мен сол видеом үшін кімнен кешірім сұрауым керек еді. Ешкімнің басын жарып, көзін шығарған жоқпын. Өздерің секілді журналистер іліп әкетті. Қазір ол видео парақшамда жоқ. Көрген сайын көңіл-күйім түседі. Сосын өшіріп тастадым. Бірақ таралып кетті. Дұшпандарыма да мереке сыйладым.Әбден тойлап, ауыздарына келгендерін айтты. Мен ондай сөздерге етім үйренген. Мән бермедім”, – деп жауап қатты әнші.

    Өнер иесінің сөзінше, сол таралып кеткен бейнежазбадан кейін де халықтың өзіне деген ықыласы өзгермеген.

    “Содан кейін ертеңіне тойға бардым. Халық керемет қарсы алды. Құшақтап, сүйіп, ыстық-ықыластарын білдірді. Бірде-бір адам мені кемсітіп, мұқатқан емес. Әлеуметтік желіде отыратындар мен шынайы халықтың айырмашылығын сезіндім”,  – деді Мақпал Жүнісова.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →