Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 447,7↓€ 502,7↑₽ 5,43↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Садыр Жапаров Қырғызстан президенттігіне өз кандидатурасын ұсынды • Тоқаев: «Халықтық құрылыс» – мазмұны кең, мән-мағынасы терең жоба • Тоқаев қазақ тілі емлесін жаңартуды 2027 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды • Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді • Жетісу облысында 31 жастағы келіншек төртем босанды • Тоқаев қазақ тіліндегі жасанды сөздер мен араб терминдерінің шамадан тыс қолданылуына қатысты пікір білдірді • Садыр Жапаров Қырғызстан президенттігіне өз кандидатурасын ұсынды • Тоқаев: «Халықтық құрылыс» – мазмұны кең, мән-мағынасы терең жоба • Тоқаев қазақ тілі емлесін жаңартуды 2027 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды • Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді • Жетісу облысында 31 жастағы келіншек төртем босанды • Тоқаев қазақ тіліндегі жасанды сөздер мен араб терминдерінің шамадан тыс қолданылуына қатысты пікір білдірді •

    Тағы бір петиция: Бір топ қазақстандық жалпыға бірдей декларацияға қарсы шықты

    Тағы бір петиция: Бір топ қазақстандық жалпыға бірдей декларацияға қарсы шықты

    Қазақстандықтар келесі жылы декларация тапсырмауы мүмкін. Себебі елде цифрландыру жұмыстары жүргізіліп, халықтың табысы туралы деректерді онлайн алуға мүмкіндік бар. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі 31-арнаның «Информбюро» жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

    Өткен аптада президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жалпыға бірдей декларациялаудың келесі кезеңін өткізуді қайта қарастыруды тапсырды. Мемлекет басшысының айтуынша, цифрландыру ісі дамыған заманда қазақстандықтардың құжат толтыруы орынсыз.

    Қазақстандықтар жалпыға бірдей декларацияға қарсы петицияға қол жинап жатыр. Олар жеке және заңды тұлғалардың кірісі мен шығысын есептеудің қажеті жоқ деп санайды. Петиция авторлары халықтың табысының көп бөлігін күнделікті қажеттіліктерге жұмсайтынын айтады.

    «Қарапайым халықтың жасыратын несі бар? Ешкім табысы туралы ештеңені жасырмайды деп ойлаймын. Керісінше, әкімдер мен биліктегілер кіріс-шығыстарын ашық көрсетсін», — дейді тұрғындардың бірі.

    Петиция авторлары алдымен салық заңнамасына түзетулер енгізу қажет деп есептейді. Өйткені декларациялау талабы мен қолданыстағы салық заңнамасы бір-біріне қайшы келеді.

    «Мемлекеттік органдардың барлық қызметі цифрландырылған. Елдегі қолма-қол ақша айналымы 86%-ға жетті. Шетелдік ұйымдармен келісімдер бар. Сол арқылы жеке тұлғалардың есепшоттарындағы деректерді ала аламыз. Мемлекеттік кірістер комитеті президенттің 4 кезеңдегі декларациядан босату туралы тапсырмасын орындауға дайын», — деді Мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы.

    2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың соңғы кезеңі басталуы керек еді. Онда барлық азаматтар табысы бойынша есеп беруі тиіс. Қазір петицияға бес жүзге жуық адам қол қойған. Құжат елу мыңнан астам қол жиналған жағдайда ғана қаралады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →