Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Қаншама қиындық болды»: Жахан Отарғалиев жас келіншегінің көңілін табатын табысқа жеткенін жариялады (ВИДЕО) Азия ойындарына алдын ала құрам айқындалды Шымкентте автокөлік жөндеу бокстары өртенді Шудағы шулы оқиға: 2 адам қалалық аурухананың кәріз құдығында уланып, көз жұмды Табысты тексеру: 114 мың қазақстандыққа мобильді аударымдарға қатысты ескерту жіберілді АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс мұнай бағасын 11 пайызға өсірді «Қаншама қиындық болды»: Жахан Отарғалиев жас келіншегінің көңілін табатын табысқа жеткенін жариялады (ВИДЕО) Азия ойындарына алдын ала құрам айқындалды Шымкентте автокөлік жөндеу бокстары өртенді Шудағы шулы оқиға: 2 адам қалалық аурухананың кәріз құдығында уланып, көз жұмды Табысты тексеру: 114 мың қазақстандыққа мобильді аударымдарға қатысты ескерту жіберілді АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс мұнай бағасын 11 пайызға өсірді

Белгілі журналист жаңа медиахолдингтің басшысы болып тағайындалды

Белгілі журналист Құрманбек Жұмағали жаңа медиахолдингтің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталы. 31 телеарна мен informburo.kz ақпараттық порталын бір холдинг құрамына біріктіру процесі аяқталды. Жаңа құрылған медиахолдингтің басшысы болып 31 арнаның Бас директоры Құрманбек Жұмағали тағайындалды. Бұл жұмыс бірнеше жыл бұрын 31 арнаның «Информбюро» бағдарламасы мен informburo.kz интернет-порталы редакцияларын интеграциялау негізінде басталған еді. Екі медианы біріктіру – басқару және редакциялық саясат сапасын одан әрі арттыруға, мультимедиялық ақпараттық контент өндірісін күшейтуге мүмкіндік береді.

«Алдымен холдингтің бизнес-мақсаттары мен міндеттерін анықтадық. Бірнеше бағыт бойынша жұмысты жіті назарға аламыз. Ең бастысы, елдегі және әлемде болып жатқан оқиғаларды жедел, шынайы әрі жан-жақты көрсетуді жалғастыра береміз, медиахолдингтің интернет-кеңістігіндегі жұмыс ауқымын ұлғайтамыз, аудиторияның қажеттіліктерін ескере отырып түрлі жанрдағы жаңа контент ұсынамыз», – деді Медиахолдинг басшысы Құрманбек Жұмағали.

Айта кетейік, 31 арнаға биыл 30 жыл толды. Мерейтой қарсаңында телеарнаның эфирге шығу жүйесі толығымен автоматтандырылып, шығармашылық топ көрермендерге бірнеше жаңа ойын-сауық шоу, сериалдар мен фильмдер ұсынады. Ал мультимедиялық, ақпараттық-сараптамалық informburo.kz порталы 2015 жылы құрылды және еліміздің жетекші ақпараттық сайттарының біріне айналып үлгерді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →