Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 14 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақылды гаджеттер сотта куәгер бола ала ма? • Мәслихат сайлауы қарсаңында 86 мыңнан астам сайлау комиссиясы мүшесі оқытылады • «Ақтауда 50 жыл жүрген тротуарды алып тастаған»: тұрғындар балаларымен көлік жолына шығуға мәжбүр • Сәкен Майғазиевтің анасы 89 жасында дүние салды • Азия ойындары: Махмуд Сабырханның жекпе-жегіне төрелік еткен қазылар жарыстардан шеттетілуі мүмкін • Telegram-дүкен арқылы есірткі сатқан топ мүшелері 16-17 жылға сотталды • Ақылды гаджеттер сотта куәгер бола ала ма? • Мәслихат сайлауы қарсаңында 86 мыңнан астам сайлау комиссиясы мүшесі оқытылады • «Ақтауда 50 жыл жүрген тротуарды алып тастаған»: тұрғындар балаларымен көлік жолына шығуға мәжбүр • Сәкен Майғазиевтің анасы 89 жасында дүние салды • Азия ойындары: Махмуд Сабырханның жекпе-жегіне төрелік еткен қазылар жарыстардан шеттетілуі мүмкін • Telegram-дүкен арқылы есірткі сатқан топ мүшелері 16-17 жылға сотталды •

    Мәскеудегі мазасыз түн: Украина ресей астанасына дрондармен шабуыл жасады

    Мәскеудегі мазасыз түн: Украина ресей астанасына дрондармен шабуыл жасады

    Мәскеу мэрі Сергей Собянин бүгін өзінің Telegram-арнасында Мәскеуге қарай ұшып бара жатқан, құлатылған ұшқышсыз ұшу аппараттары туралы хабарламаларды бірінен соң бірін жариялады. Соңғы мәліметтер бойынша, Домодедово, Раменское және Коломна аудандарында барлығы 32 ұшқышсыз ұшу аппараты жойылған.

    Ал губернатор Андрей Воробьев өзінің Telegram-арнасында Раменскоеде ұшқышсыз ұшақтар құлағаннан кейін Становое ауылында 2 үй өртенгенін хабарлады.

    – Жарықшақтардан 52 жастағы әйел жарақаттанған. Бетін, мойнын және қолын күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Жағдайы орташа, қазір жансақтау бөлімінде жатыр, – деп жазды ол.

    РБК-ның мәліметінше, Домодедово және Жуковский әуежайлары рейстерді қабылдауды және жөнелтуді тоқтатқан. Кейін Шереметьевоға рейстер де шектелді.

    Сондай-ақ ТАСС агенттігі Раменское қалалық округінің Мәскеу маңындағы Софино ауылында 2 көліктің өртеніп кеткенін мәлім етті.

    РИА Новости агенттігі болса, Раменское және Жуковский аудандарында ұшқышсыз ұшатын аппараттардың қаупі жойылғанын хабарлады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →