Басты бет » Талғарда жаңа әкім сайланады: сайлау күні белгіленді

Талғарда жаңа әкім сайланады: сайлау күні белгіленді

Талғар қаласының жаңа әкімін сайлау күні анықталды, деп хабарлайды Qazaq.today тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Алматы облысы Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы әкім сайлауын 15 желтоқсанға белгіледі.

Еске салсақ, Талғардың бұрынғы әкімі Бақыт Күрішбеков 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты даулы оқиғадан кейін 15 қазанда қызметінен босатылған болатын.

Айта кетейік, Күрішбеков Талғар әкімі болып 2022 жылдың маусымында сайланып, сайлаушылардың 47,71 пайыз дауысын жинаған еді. Сол кездегі сайлауға қатысу көрсеткіші 23,77 пайызды құрады.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика