Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 8 тамыз 2026 $ 469,2 540,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Павлодарда каналға шомылуға барған ер адам ажал құшты Марқұм Нұрай Серікбайдың отбасы айыпталушыдан 10 млрд теңге өтемақы талап етті Атырау облысындағы мұнай нысандарының әуе қорғанысы құпия ма? Ақсу қаласы әкімінің орынбасарына қатысты тексеру талабы: заңды негіз бар ма? Алтынай Жорабаева көзіне жасатқан косметикалық ота туралы айтты Жүк көліктерінің жүргізушілері Ақтөбе-Орск шекарасында үш күн кезекте тұрғанын айтты Павлодарда каналға шомылуға барған ер адам ажал құшты Марқұм Нұрай Серікбайдың отбасы айыпталушыдан 10 млрд теңге өтемақы талап етті Атырау облысындағы мұнай нысандарының әуе қорғанысы құпия ма? Ақсу қаласы әкімінің орынбасарына қатысты тексеру талабы: заңды негіз бар ма? Алтынай Жорабаева көзіне жасатқан косметикалық ота туралы айтты Жүк көліктерінің жүргізушілері Ақтөбе-Орск шекарасында үш күн кезекте тұрғанын айтты

    Елімізге 11 градустық аяз келе жатыр

    Елімізге 11 градустық аяз келе жатыр

    «Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес, 2024 жылғы 7, 8 және 9 қарашада республика бойынша ауқымды циклонның әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Сонымен, метеорологтар атап өткендей, жаңбыр жауып, қарға айналады. Қазақстанның солтүстігінде бұрқасын күтіледі.

    7 қарашада түнде республиканың солтүстігінде қалың қар жауады. Шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын болуы мүмкін.

    «Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында екпіні секундына 30 метр және одан да көп болатын өте күшті жел сақталады», — дейді «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі

    Сонымен қатар, республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы түнде -5-10°, күндіз 2-7°-қа дейін төмендейді деп күтілуде.

    «Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы 5 градус аязға дейін төмендейді — 3 градус жылы, таулы аймақтарда 6-11 градус аяз болады», — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →