Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 7 қараша 2026 $ 448,5↓€ 502,2↓₽ 5,50↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рыбакина WTA қорытынды турниріндегі топтағы барлық қарсыласынан басым • Рыбакина, Соболенко және Андреева қорытынды турнирдің жүлде қорын білді • Ресей құрамасы Өзбекстанмен және Венесуэламен ойындарға құрамын жариялады • Өзбекстанның U-17 құрамасы «Локомотивті» 4:1 есебімен жеңді • Қостанайда мектеп аулалары жеміс бағына айналуда • Таразда бокстан Қазақстан чемпионаты аяқталып, 20 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталды • Рыбакина WTA қорытынды турниріндегі топтағы барлық қарсыласынан басым • Рыбакина, Соболенко және Андреева қорытынды турнирдің жүлде қорын білді • Ресей құрамасы Өзбекстанмен және Венесуэламен ойындарға құрамын жариялады • Өзбекстанның U-17 құрамасы «Локомотивті» 4:1 есебімен жеңді • Қостанайда мектеп аулалары жеміс бағына айналуда • Таразда бокстан Қазақстан чемпионаты аяқталып, 20 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталды •

    Павлодарда есірткімен ұсталған жасөспірімдер өмір бойына сотталуы мүмкін

    Павлодарда есірткімен ұсталған жасөспірімдер өмір бойына сотталуы мүмкін

    Павлодар қаласында екі жасөспірімі есірткімен қолға түсті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Павлодар облысында полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жедел іздестіру шаралары барысында Петропавл қаласының 17 жастағы тұрғындарын анықтады. Тексеру барысында олардың біреуінің үстінен ақ түсті ұнтақ салынған 20 полимерлі пакет тәркіленді.

    «Есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау және өткізу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев.

    Жастардың уақытша тұрған мекенжайын тінту барысында салмағы 200 грамнан асатын синтетикалық есірткі заттары, оларды орауға арналған полимерлі пакеттер, электр таспасы және басқа да құрылғылар табылды. Анықталғандай, олар Павлодар қаласында есірткі мен психотроптық заттарды жанасусыз тарату мақсатында пәтерді жалға алған.

    «Полиция департаменті осындай қылмыс жасағандар үшін Қазақстан заңнамасында өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді», — делінген облыстық ПД хабарламасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →