Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 7 қараша 2026 $ 448,5↓€ 502,2↓₽ 5,50↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рыбакина, Соболенко және Андреева қорытынды турнирдің жүлде қорын білді • Ресей құрамасы Өзбекстанмен және Венесуэламен ойындарға құрамын жариялады • Өзбекстанның U-17 құрамасы «Локомотивті» 4:1 есебімен жеңді • Қостанайда мектеп аулалары жеміс бағына айналуда • Таразда бокстан Қазақстан чемпионаты аяқталып, 20 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталды • Төреғали Төреәліне «Боқ сөз иегері» антижүлдесі дайындалды • Рыбакина, Соболенко және Андреева қорытынды турнирдің жүлде қорын білді • Ресей құрамасы Өзбекстанмен және Венесуэламен ойындарға құрамын жариялады • Өзбекстанның U-17 құрамасы «Локомотивті» 4:1 есебімен жеңді • Қостанайда мектеп аулалары жеміс бағына айналуда • Таразда бокстан Қазақстан чемпионаты аяқталып, 20 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталды • Төреғали Төреәліне «Боқ сөз иегері» антижүлдесі дайындалды •

    Жамбыл облысында 12 жастағы қыз өз ағасынан жүкті болып қалған

    Жамбыл облысында 12 жастағы қыз өз ағасынан жүкті болып қалған

    Фото: Depositphotos

    Оқушыны екі ағасы 6 жылдан бері зорлап келген. Жағдайға Жамбыл облысының полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    «ҚР Қылмыстық кодексінің «Жас баланы зорлау” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар екі күдікті анықталды. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері жедел түрде бір күдіктіні құрықтап, қамауға алды», – делінген ведомство хабарламасында.

    Сондай-ақ, оқушы қыздың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін мектеп қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

    Қазір жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық іс полиция департаменті басшылығының бақылауында.

    Екінші күдіктіге іздеу жарияланды, оны ұстау үшін барлық қажетті шаралар қолданылуда.

    Сондай-ақ балалар омбудсмені Динара Зәкиева жағдайдың мән-жайын айтты.

    “Полиция басқармасымен бірге 6 жыл бойы екі ағасынан зорлық көрген 13 жастағы қыздың ісімен айналысып жатырмыз. Қылмыстық іс қозғалып, қыз бен оның анасы қауіпсіз жерге жеткізіліп, барлық қажетті көмек көрсетілуде. Қыз мектеп психологы жүргізген сауалнамада белгі берген. Бірақ тиісті жұмыс жүргізілмеді. Немқұрайлылық танытқан шенеуніктерді жауапқа тарту үшін прокуратураға хабарластым», – деді Динара Зәкиева.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →