Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 8 тамыз 2026 $ 469,7 542,7 5,80
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    2026 жылы білім гранттарының иегерлері анықталды: талапкерлердің қуанышты сәттері Қазақстанда 2026-2027 оқу жылына мемлекеттік білім гранттарының иегерлері анықталды Атырауда балабақша тәрбиешісі 1 жасар балаға күш көрсеткен Қазақстандық ескекшілер Азия чемпионатында бірнеше алтын медаль жеңіп алды Демалыс күндері ауа райы қалай құбылады «Не үшін сұққанымды білмеймін»: Нұрай Серікбай ісінде жаңа дерек айтылды 2026 жылы білім гранттарының иегерлері анықталды: талапкерлердің қуанышты сәттері Қазақстанда 2026-2027 оқу жылына мемлекеттік білім гранттарының иегерлері анықталды Атырауда балабақша тәрбиешісі 1 жасар балаға күш көрсеткен Қазақстандық ескекшілер Азия чемпионатында бірнеше алтын медаль жеңіп алды Демалыс күндері ауа райы қалай құбылады «Не үшін сұққанымды білмеймін»: Нұрай Серікбай ісінде жаңа дерек айтылды

    Депутат Асхат Аймағамбетов қуанышты жаңалығын айтты

    Депутат Асхат Аймағамбетов қуанышты жаңалығын айтты

    Мәжілісмен Асхат Аймағамбетов науқастарға бөлінетін ақша қысқартылмай, керісінше тағы қосымша қаржы бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    Депутат Facebook-тегі парақшасында бюджет жобасында онкологияны емдеуге бөлінетін қаржыны 20 миллиард теңгеге, ал онкогематологияға 5 миллиард теңгеге қысқарту туралы ұсыныс болғанын айтты. Алайда, депутаттар бұл қысқартуға қатаң түрде қарсылық білдіріп, қосымша қаражат бөлу туралы түзету енгізген.

    «Денсаулық сақтау министрлігімен бірлескен жемісті жұмысымыздың арқасында онкологиялық науқастарды емдеуді қаржыландыру үшін қосымша 25 миллиард теңге бөлу туралы түзетуіміз қолдау тапты. Бұл – өте қуанышты және маңызды жаңалық», — деп айтты Аймағамбетов.

    Оның сөзінше, соңғы жылдары онкологияға қарсы күресте Президенттің қолдауының арқасында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Кешенді жоспар бекітіліп, мамандандырылған орталықтың құрылысы аяқталуға жақын.

    Сонымен қатар Ұлттық онкология орталығындағы протондық терапия орталығының құрылысын аяқтауға 4,2 миллиард теңге бөлу туралы ұсынысымыз да қабылданды.

    «Қазіргі уақытта Орталық Азияда протондық терапия орталығы жоқ, сондықтан біздің пациенттер қымбат ем алу үшін шетелге баруға мәжбүр», — деп жазды мәжілісмен.

    Айтуынша, Қазақстанда бұл орталық жыл сайын 300-ден астам науқасқа өмір сүруге мүмкіндік беріп, шетелде емделуге қажетті үлкен шығындардан босатады.

    Фото: Facebook/Асхат Аймағамбетов

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →