Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Абай облысындағы өрт: полиция балалар лагерінен 190 баланы эвакуациялады Қасым-Жомарт Тоқаев: Қытай Қазақстан экономикасына 30 миллиард доллардан астам инвестиция салды Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жоғары технологиялық компанияларының басшыларымен кездесті Қазақстан гандболшылары әлем кубогында топ жарды Астанада газ баллоны жарылып, үш адам жараланды «Қызы тұрмысқа шықты»: журналист танымал әншілердің қуанышын сүйіншіледі Абай облысындағы өрт: полиция балалар лагерінен 190 баланы эвакуациялады Қасым-Жомарт Тоқаев: Қытай Қазақстан экономикасына 30 миллиард доллардан астам инвестиция салды Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жоғары технологиялық компанияларының басшыларымен кездесті Қазақстан гандболшылары әлем кубогында топ жарды Астанада газ баллоны жарылып, үш адам жараланды «Қызы тұрмысқа шықты»: журналист танымал әншілердің қуанышын сүйіншіледі

    Ақтауда 12 жасар қыздың үстіне футбол қақпасы құлап кеткен

    Ақтауда 12 жасар қыздың үстіне футбол қақпасы құлап кеткен

    Фото: Lada.kz

    Ақтау қаласында 12 жасар қыздың үстіне футбол қақпасы құлап кетті, деп хабарлайды Qazaq Today   lada.kz порталына сілтеме жасап.

    Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы 12 жасар қыздың қазіргі жағдайы туралы айтты.

    Дәрігерлердің айтуынша, қыз балаға бас миының жабық жарақаты, маңдай сүйегінің сынуы, мидың орташа ауырлықтағы көгеруі, маңдай аймағының көгеруі секілді диагноз қойылды.

    «Жағдайы тұрақты, орташа ауырлық дәрежесі, емдеу жүргізіліп жатыр. Отасыз симптоматикалық терапия тағайындалады», — деп хабарлады медициналық мекеме.

    Оқиға №2 шағын аудандағы №71 үйдің жанындағы футбол алаңында болған. Басылымның жазуынша, футбол алаңының құрылысы бітпеген. 24 қазан күні балалар футбол қақпасын өз бетінше көтеріп орнатады, салдарынан қақпа 12 жасар қыздың басына түскен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →