Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті •

    Ауыз су тапшы: Астанада тұрғын үйлеріне су беру азаяды

    Астанада  ауыз тапшылығына байланысты су қысымы төмендейді. Бұл туралы «Астана су арнасының» баспасөз қызметі хабарлады, — деп хабарлайды Qazaq.today  Tengrinews.kz – ке сілтеме жасап.

    «Қала халқының өсуіне және елорданың қарқынды дамуына байланысты ауызсу өндіруге арналған жобалық қуаттардың тапшылығы байқалады. «Астана су арнасы» су қысымын реттеу бойынша шаралар қабылдауға мәжбүр:

    04:30-дан 09:30-ға дейін судың қысымы жоғары режимде болады;
    09:30-дан 12:00-ге дейін — төмендетілген қысымда;
    12:00-ден 14:00-ге дейін — жоғары қысымда;
    14:00-ден 18:00-ге дейін — төмендетілген қысымда;
    18:00-ден 00:00-ге дейін — жоғары қысымда;
    00:00-ден 04:30-ға дейін – төмендетілген қысымда», — деді компания өкілдері.

    Бұл шаралар жаңа сорғы-сүзгі станциясы іске қосылғанға дейін қолға алынады. Оның құрылысы 2021 жылдың күзінде басталған.

    «Тәулігіне 105 000 текше метр өткізу қабілеті бүкіл қаланы сумен қамтамасыз етуді ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жаңа сорғы және сүзгі станциясы құрылысын аяқтау биылғы жазға жоспарланып отыр. Барлық тұтынушылардан судың сапасы мен мөлшеріне теріс әсерді азайту үшін суды ұтымды пайдалануды сұраймыз. Түсіністік танытқандарыңызға рақмет», — деді компания астаналықтарға.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →