Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті

    Қарағандыда мас тұрғын автобуста жолаушыны соққыға жықты (ВИДЕО)

    Қарағандыда мас тұрғын автобуста жолаушыны соққыға жықты (ВИДЕО)

    Қарағандыда ішімдік ішкен тұрғын автобус жолаушыларына тиісіп, шу шығарған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.

    Басылымның ақпаратына сәйкес, 10 қазанда кешкі уақытта қаладағы автобустарының бірінде 27 жастағы мас адам мен жолаушының арасында жанжал туындаған. Автобус жүргізушісі екеуін де қоғамдық көліктен түсіруге мәжбүр болды.

    «Жолаушылардың бірінің өтініші бойынша автобус жүргізушісі оны және шу шығарған тұрғынды түсіріп жіберді. Автобустан шыққан кезде олардың арасында басталған жанжал соңы төбелеске ұласты. Шақырту бойынша оқиға орнына барған патрульдік полиция экипажы оқиғаға қатысушылардың деректерін анықтап, жедел жәрдем шақырды», — деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

    17 жастағы жігітті медициналық мекемеге, ал 27 жастағы тұрғынды қалалық бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізген.

    Осы дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 108-1-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →