Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ресейлік ауқатты кәсіпкер Қазақстан төлқұжатын алды • Әлемге танымал қазақ физигі Манат Мәуленбайұлы АҚШ-та қайтыс болды • Қандастарға мемлекет қанша ақша төлейді және оны қалай алуға болады • Қазақстанда жүк көліктерінің ақылы жолмен жүру ақысы өзгеруі мүмкін • «Екі ұлдан кейін қызды бола алмадым»: Әнші Жеңіс Ысқақова өкінішін айтты • Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті • Ресейлік ауқатты кәсіпкер Қазақстан төлқұжатын алды • Әлемге танымал қазақ физигі Манат Мәуленбайұлы АҚШ-та қайтыс болды • Қандастарға мемлекет қанша ақша төлейді және оны қалай алуға болады • Қазақстанда жүк көліктерінің ақылы жолмен жүру ақысы өзгеруі мүмкін • «Екі ұлдан кейін қызды бола алмадым»: Әнші Жеңіс Ысқақова өкінішін айтты • Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті •

    Қазақстан темір жолына қарасты компанияның басшылары 56 млн теңге жымқырған

    Қазақстан темір жолына қарасты компанияның басшылары 56 млн теңге жымқырған

    «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» еншілес ұйымында ішкі тексеріс барысында 56 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғанын анықтады.

    “Ішкі қызметтік тергеу нәтижелері бойынша “Қазақстан темір жолы” компаниясының еншілес ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-інде 56 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды», – делінген хабарламада.

    ҚТЖ құқық қорғау органдарына қылмыстық-процессуалдық заңнама шеңберінде кінәлі тұлғаларды анықтап, материалдық шығынды өтеу бойынша шаралар қабылдау туралы өтініш жолдады.

    «Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. ҚТЖ алдын ала тергеудің бастамашысы ретінде тергеуге толық көмек көрсетуде. Компанияда мұндай жағдайларды болдырмау мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіліп, кез келген заңбұзушылықтарға қатаң жаза қолданады», – деп атап өтті ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →