Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

    Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек. Бұл зілзаладан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіруге жұмсалады. Мұндай мәлімдеме Еуроодақ елдерінің Брюссельде өткен арнайы жиын барысында айтылды, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

    Швецияның премьер-министрі Ульф Кристерссонның айтуынша, Түркиядағы апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету маңызды, үйсіз-күйсіз қалған,  ертеңгі күнге үмітін жоғалтқан жұртқа  бұл жәрдем ауадай қажет.

    Бұған қоса, Еуропа зілзаладан кейін апатты аймақтарға  1500-ден астам құтқарушы жібергені белгілі болды. Дегенмен, Еуроодақ Түркияда адам құқықтары жеткілікті деңгейде сақталмайды деп айып тағуда.

    Айта кетейік, Түркия мен Сирияда зілзала құрбандарының саны 56 мыңнан асқан. БҰҰ-ның деректері бойынша, жалпы шығын көлемі 100 млрд доллардан асып отыр.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →