Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Тараздық зейнеткерлер мен мүгедектер тегін дәрі үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты «Қыз зорлау дерегі»: Қайрат Нұртасқа қатысты дауға полиция мәлімдеме жасады Жамбыл облысында фосфор зауытындағы жарылыстан 26 жасар жұмысшы мүгедек болды Месси мен Кейн кездеседі: Әлем чемпионатының жартылай финалистері анықталды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Тараздық зейнеткерлер мен мүгедектер тегін дәрі үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты «Қыз зорлау дерегі»: Қайрат Нұртасқа қатысты дауға полиция мәлімдеме жасады Жамбыл облысында фосфор зауытындағы жарылыстан 26 жасар жұмысшы мүгедек болды Месси мен Кейн кездеседі: Әлем чемпионатының жартылай финалистері анықталды

Тоқаев Израиль президентімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті, — деп жазды Ақорда.

Израиль тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті.

Ицхак Герцог Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқын алдағы Наурыз мейрамымен және қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады. Өз кезегінде Мемлекет басшысы Израиль Президентіне құттықтағаны үшін алғыс айтып, Песах мейрамы қарсаңында Израиль халқына амандық пен бақ-береке тіледі.

Сонымен қатар президенттер Қазақстан мен Израильдің сауда-экономика саласындағы ынтымақтастығын нығайту перспективаларын талқылады. Әңгімелесу барысында екіжақты тауар айналымының көлемі арта бастағаны атап өтілді. Сондай-ақ екі ел арасында мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту маңыздылығы айтылды.

 

Qazaq.today

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →