Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты «Қыз зорлау дерегі»: Қайрат Нұртасқа қатысты дауға полиция мәлімдеме жасады Жамбыл облысында фосфор зауытындағы жарылыстан 26 жасар жұмысшы мүгедек болды Месси мен Кейн кездеседі: Әлем чемпионатының жартылай финалистері анықталды Макгрегордың тарихи оралуы мерзімінен бұрын аяқталды Бишимбаев ісі бойынша танымал болған Айжан Аймағанова прокуратурадан кеткенін мәлімдеді «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты «Қыз зорлау дерегі»: Қайрат Нұртасқа қатысты дауға полиция мәлімдеме жасады Жамбыл облысында фосфор зауытындағы жарылыстан 26 жасар жұмысшы мүгедек болды Месси мен Кейн кездеседі: Әлем чемпионатының жартылай финалистері анықталды Макгрегордың тарихи оралуы мерзімінен бұрын аяқталды Бишимбаев ісі бойынша танымал болған Айжан Аймағанова прокуратурадан кеткенін мәлімдеді

Алматыда жеңіл көлік көпірден құлап, екі адам ауыр жарақат алған

Алматыда Toyota Camry көлігі көпірден құлап бірнеше адам зардап шекті, екі адамның жағдайы ауыр, — деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, апат салдарынан алты адам зардап шеккен. Олардың барлығы жедел жәрдем қызметімен ауруханаларға жеткізілген.

«Төрт зардап шегуші бас сүйек-ми жарақаттарымен, әртүрлі дәрежедегі сынықтармен және көгерулермен Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілді. Көрсетілген көмектен кейін олардың біреуі тұрғылықты жері бойынша емханаға әрі қарай амбулаторлық емделуге жіберілді, үшеуі ауруханада, біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Қазіргі уақытта олардың жағдайы алған жарақаттарына байланысты ауыр деп бағаланып отыр», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ал №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген бір науқас нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылды, жағдайы орташа ауыр.

«Барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілді», — деп қосты Алматы денсаулық сақтау басқармасы.

 

Qazaq.today

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →