Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 24 тамыз 2026 $ 457,6 534,8 5,53
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Байтақ» партиясы Құрылтай сайлауындағы экзитпол нәтижелерін талқылады «Байтақ» партиясы өңірлік филиалдары сайлаудың алдын ала нәтижелерін мойындады «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға алғыс айтты Exit poll: «Әділет» партиясы 70,7% дауыспен көш бастады Түнгі уақытта шу шығарғаны үшін айыппұл салынбады — полиция түсініктеме берді Эрлинг Холанд жаңа маусым қарсаңында шаш үлгісін өзгертті «Байтақ» партиясы Құрылтай сайлауындағы экзитпол нәтижелерін талқылады «Байтақ» партиясы өңірлік филиалдары сайлаудың алдын ала нәтижелерін мойындады «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға алғыс айтты Exit poll: «Әділет» партиясы 70,7% дауыспен көш бастады Түнгі уақытта шу шығарғаны үшін айыппұл салынбады — полиция түсініктеме берді Эрлинг Холанд жаңа маусым қарсаңында шаш үлгісін өзгертті

    «63 млн ұрлаған»: Өскеменде балалар үйінің басшылары сотталды

    Өскемен қаласындағы балалар үйін май шелпекке айналдырған директор мен бұрынғы есепші сотталды. Олар қорғансыз қалаларға бөлінген қаражаттан 63 млн теңге ұрлаған, деп хабарлайды Qazaq.Today тілшісі. Мекемедегі кадр жұмысы бөлімінің инспекторына да үкім шықты. Өскемен қалалық №2 соты баспасөз қызметінің  мәліметінше, 25 ақпанда аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған үш тұға бірдей жазаға кесілген.

    «Белгілі болғандай, олар алдын ала сөз байласып 2015 жылдың наурызы мен 2019 жылдың қаңтары аралығында балалардың қажеттілігіне бөлінген 63 150 581 теңгені жалған құжат жасау арқылы қалтаға басқан. 2019 жылы бас есепші әлеуметтік желіге видео жариялап, өз ісіне өкініш білдіріп, қаржы жымқыру схемасын әшкерелеген еді. Алайда директор мен кадр жұмысы бөлімінің инспекторы кінәсін мойындамады», — делінген ақпаратта.

    Сот үкімі бойынша үш айыпталушы да өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, 7 жыл мерзімге түрмеге қамалды.

    Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →