Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда турист әйелге қол жұмсағаны үшін 15 тәулікке қамалды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінде 18 жастағы қыз ауыр жарақат алды • 11 қазанға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанда жылы әрі жауын-шашынсыз күн • Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді • Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Алматыда турист әйелге қол жұмсағаны үшін 15 тәулікке қамалды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінде 18 жастағы қыз ауыр жарақат алды • 11 қазанға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанда жылы әрі жауын-шашынсыз күн • Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді • Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды •

    БҰҰ Ресейдің Украинадағы әскери қылмыстарын «геноцидке» жатқызбады

    БҰҰ Халықаралық комиссиясы Ресейдің Украинада әскери қылмыстар жасағанын нақтылады, бірақ ол әрекеттерді «геноцидке» жатқызған жоқ, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап.

    Зерттеу авторлары оларды жасағандардың геноцид жасау пиғылы болған-болмағаны туралы тікелей дәлелдер жоқ екенін айтты.

    «Біз Украина аумағында геноцид болғанын анықтаған жоқпыз. Бұл мәселедегі барлық дәлелді қадағалап отырамыз және осы қылмысқа қатысты сұрақ туындауы мүмкін бірқатар аспект бар екенін атап өттік. Мысалы, ресейлік БАҚ-тың белгілі бір топтарға қарсы бағытталған кейбір мәлімдемесі бар»,- деді БҰҰ тергеу тобының жетекшісі Эрик Месе.

    Ресей билігінің балаларды Украинадан заңсыз көшіруіне қатысты комиссия сарапшыларының пікірінше, ол «әскери қылмысқа» жатады.

    «Комиссия Украина мен Ресей Федерациясы арасындағы балаларды мәжбүрлеп көшіру және депортациялау жағдайын зерттеді. Тараптар ұсынған сандарда көп айырмашалық бар. Комиссия қараған оқиғаларда балаларды мәжбүрлеп көшіру мен депортациялауға қатысты бірнеше жағдай анықталды»,- деді БҰҰ-ның Украинадағы оқиғаларды тергеу жөніндегі комиссары Ясминка Джумхур.

    Комиссия сонымен қатар Ресей Украинаның энергетикалық және су инфрақұрылымына шабуылы  адамзатқа қарсы қылмыстармен теңестірілуі мүмкін екенін анықтады.

    Айта кетерлігі, Украинадағы соғыс туралы дайындалған есеп бүгінгі күнге дейінгі ең жоғары деңгейдегі халықаралық тергеу болып саналады.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →