Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды •

    Бүгін футзалдан ұлттық құрама әлем чемпионатындағы кезекті матчын өткізеді

    Бүгін футзалдан ұлттық құрама әлем чемпионатындағы кезекті матчын өткізеді

    Футзалдан Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының 2-туры аясында Қазақстан құрамасы Ливиямен кездеседі. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

    Бүгін, 18 қыркүйекте Қазақстан құрамасы D тобындағы көшбасшылық үшін таласады. Өйткені әлем чемпионатының екінші ойын күнінде Ливияға қарсы матч өткізеді. Қазақстанның бүгінгі қарсыласы 3 ұпаймен топтық кезеңде 1-орында тұр. Ливиялықтар алғашқы ойындарында Жаңа Зеландияны 3:1 есебімен жеңген.

    Ал отандастарымыз Испаниямен 1:1 есебімен тең ойнады. Ливия футзалдан әлемдік рейтингте 15-орында тұр. Десе де Африка құрлығында үздіктер қатарынан көрініп келеді. Себебі 2024 жылы Африка Ұлттар кубогында қола жүлде жеңген.

    Айта кетейік, Қазақстан D тобында Испания, Ливия және Жаңа Зеландиямен шеберлік байқасады. Ал бүгінгі кездесу Астана уақытымен сағат 17:30-ға жоспарланған. Матчтың тікелей транслациясын Qazsport арнасынан көруге болады.

    Фото: Anvar Ilyasov — FIFA/FIFA via Getty Images 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →