Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Арарат-Армения» 93-минутта есепте алда болып, еврокубок матчында жеңіліс тапты • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • «Арарат-Армения» 93-минутта есепте алда болып, еврокубок матчында жеңіліс тапты • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады •

    «Киімімді шешті»: Жетісу облысында әкім көпбалалы әйелдің үйіне терезеден кіріп, тиіспек болған (видео)

    «Киімімді шешті»: Жетісу облысында әкім көпбалалы әйелдің үйіне терезеден кіріп, тиіспек болған (видео)

    Жетісу обылысының тұрғыны ауыл әкімін түнде үйіне рұқсатсыз кіріп, тиіспек болды деп айыптады.

    Әлеуметтік желіде жәбірленуші әйелдің оқиғаның мән-жайын баяндап берген видеосы пайда болды.Төрт баланың анасының айтуынша, әкім үйге түнгі сағат екіде терезе арқылы кірген.

    «Балалармен диванда ұйықтап жатқанымда, біреу киімімді шешіп жатқанын сездім. Оянсам жанымда біреу отыр екен, алғашында күйеуім шығар деп ойладым. Бірақ күйеуім Текеліде еді, ұйықтар алдында ғана сөйлескенмін. Анықтап қарағанда қасымда әкімнің отырғанын көрдім, мен шошып кетіп, жүгіріп жарықты жақтым. Ол есікке қарай жүгірді, есік кілттеулі болғандықтан біраз аша алмай тұрды, есік ашылғанда дәлізде тағы бір әкімдік қызметкері тұрғанын көрдім”, – дейді әйел.

    Қазір әкім мен оның сыбайласы сот алдында жауап беріп жатыр. Іс Ақсу аудандық сотында қаралуда. Алайда әйел істің «өзгенің үйіне рұқсатсыз кіру» деген айыппен қаралып жатқанына наразы екенін айтты.

    «Ақсу аудандық сотында “тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу” бабымен айыпталған Р мен К-ға қатысты қылмыстық іс қаралуда. Бірінші сот отырысы 9 қыркүйекте өтті. Бүгін екінші отырыс», – деді Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрсұлтан Орынбасаров.

    Еске салсақ, бұған дейін Жетісу облысында шенеуніктер әріптесін зорламақ болды деген ақпарат тараған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →