Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда турист әйелге қол жұмсағаны үшін 15 тәулікке қамалды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінде 18 жастағы қыз ауыр жарақат алды • 11 қазанға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанда жылы әрі жауын-шашынсыз күн • Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді • Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Алматыда турист әйелге қол жұмсағаны үшін 15 тәулікке қамалды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінде 18 жастағы қыз ауыр жарақат алды • 11 қазанға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанда жылы әрі жауын-шашынсыз күн • Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді • Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды •

    Өскеменде әйел адамды мерт қылған автобус жүргізушісі 2,5 жылға сотталды

    Өскемен қаласында әйел адамды қағып, мерт қылған автобус жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qazaq.today ҚазАқпаратқа сілтеме беріп.

    Оқиға өткен жылы 25 қараша күні болған.

    Қала ішінде қатынайтын автобус таңғы уақытта Карбышев көшесінде жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен.

    Соның салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған еді. Аталған іс Өскемен қалалық №2 сотында қаралып, сот үкімі енді шығып отыр.

    «Жүргізушінің кінәсі іс бойынша жиналған айғақтармен, атап айтқанда бейнебақылау камерасының жазбасы, куәгерлердің сөзі және сарапшының қорытындысымен толық дәлелденді. Ауыр емес санатқа жататын бұл қылмысқа 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сот шешім шығарарда айыпталушының бұрын сотталмағанын, кәмелетке толмаған баласының болуын жеңілдететін мән-жай ретінде таныды», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

    Сот үкімімен ер адам екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

    Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →