Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді •

    Керегетас жұрты анасы мен қызын өлтірген күдіктінің отбасын ауылдан қуды (ВИДЕО)

    Керегетас жұрты анасы мен қызын өлтірген күдіктінің отбасын ауылдан қуды (ВИДЕО)

    Ауылдың 40-қа жуық тұрғыны жиналып, күдіктінің үйіне барған. Оларды 29 жастағы бұрынғы мұғалімнің анасы күтіп алды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Үй маңына ауыл ақсақалдарымен бірге полиция, ауыл әкімі, барлық жауаптылар жиналған.

    Ауылдан дереу кетіңдер! Үйлеріңді сатасыңдар ма, тастап кетесіңдер ме, шаруам жоқ. Бүкіл ағаштағы жемістеріңе дейін жинап алыңдар. 2 апта уақыт береміз. Кетпейді екенсіңдер, өзім аямаймын, — деді жасы 70-ке жақындаған Керегетас тұрғыны.

    Жиналғандар арасында марқұм әйелдің тұрмыстағы қызы да болды. Ол әкім мен полицияға өз уәжін айтты.

    Жедел жәрдем 1,5 сағатта жетті. Учаскелік полицияны ауылдықтар танымайды да. Барлығы жұмыстарынан кетсін! Ешкім жұмыс істеп жатқан жоқ. Сол үшін де ауылда осындай бассыздық болды, — деп айқайлады әйел.

    Ал анасы мен қызын түн ортасында ұйықтап жатқан жерлерінде бастарынан кірпішпен ұрып өлтірген күдіктінің анасы елден сабыр сақтауды сұрап, алдағы екі аптада үйін босатып, басқа жаққа кетуге уәде берді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →