Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Солтүстік Корея бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды, біреуі 900 шақырымнан астам ұшты • «Әділет» партиясы Алматы облысында азаматтарды қабылдады • Алмалы ауданындағы экологиялық акцияда 200 келіге жуық қайталама шикізат жиналды • Мемлекет басшысы мен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді • Кілтті ауыстыруға болмайды: үй иесі жалдаушыны неге соттан тыс шығара алмайды? • «Ерсі көрінеді»: Белгілі блогердің киген киімі көпке жақпай қалды • Солтүстік Корея бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды, біреуі 900 шақырымнан астам ұшты • «Әділет» партиясы Алматы облысында азаматтарды қабылдады • Алмалы ауданындағы экологиялық акцияда 200 келіге жуық қайталама шикізат жиналды • Мемлекет басшысы мен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді • Кілтті ауыстыруға болмайды: үй иесі жалдаушыны неге соттан тыс шығара алмайды? • «Ерсі көрінеді»: Белгілі блогердің киген киімі көпке жақпай қалды •

    22 рет жылдамдықты асырған: Қызылорда тұрғынына 886 мың теңге айыппұл салынды

    22 рет жылдамдықты асырған: Қызылорда тұрғынына 886 мың теңге айыппұл салынды

    Қызылордада жылдамдық режимін 22 мәрте асырған тұрғын 886 мың теңге айыппұл төлейтін болды. Биылғы жылдың шілде айынан бастап Қызылорда қаласында «Қорғау» жол қозғалысын бақылау жүйесі іске қосылды.

    Қасақана жол ережесін бұзған жігіт көлігінен айырылды.

    «Аталған жүйенің мүмкіндігімен 9 қыркүйекте қала аумағында «Арқан» және «Сергек» стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғыларына жылдамдық режимін 22 және 7 мәрте бұзған көлік жүргізушілері анықталды. Олардың бірі 886, екіншісі 332 мың айыппұл төлеуден жалтарып жүрген. Аталған құқық бұзушылықтар бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, автокөліктер айып алаңына қойылды», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →