Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді •

    «Менің атым Қожа»: театрда Жанардың рөлін сомдаған актриса өмірден өтті

    «Менің атым Қожа»: театрда Жанардың рөлін сомдаған актриса өмірден өтті

    ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Ерен еңбегі үшін және Еңбек ардагері медальдерінің иегері Қажығалиева Күләш Сопқанқызы қайтыс болды.

    Бұл туралы Ғабит Мүсірепов атындағы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

    – ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Ерен еңбегі үшін және Еңбек ардагері медальдерінің иегері, театрымыздың әртісі Қажығалиева Күләш Сопқанқызы өмірден өтті.

    1969 жылдан бастап тынбай еңбек етіп, жемісті жұмыс жасаған артист Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» – Жанар,  «Қызыл сұңқарлар» – Маруар, Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі» – Қамқа шеше, Ш.Айтматов «Ыстықкөл трагедиясы» – Кемпір, «Ақ кеме» – Кемпір, С.Балғабаев «Қыз жиырмаға  толғанда» – Ғани,  Ә.Тарази «Жақсы кісі» – Балзия, О.Бөкей «Атау-Кере» – Марфа, «Ауылдан келген ару» – Сәндігүл, С.Балғабаев «Ең алғашқы Жаңа жыл» – әже, А.П.Чехов «Шағала» – Полина Андреевна және т.б. рөлдерді сәтті сомдаған.

    Өнердің аңыз, театрымыздың абыз анасынан айырылу орны толмас үлкен қайғы. Отбасы мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз, – делінген ресми хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →