Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді • Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады • Көлік сатылған соң камера айыппұлдары кімге келеді және оны қалай даулауға болады • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді • Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді • Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады • Көлік сатылған соң камера айыппұлдары кімге келеді және оны қалай даулауға болады • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді •

    «Үйдің асыраушысы еді»:  Баян-Өлгейде тойханаға басып кірген КАМаз үш адамды мерт қылды

    Монғолияның кіл қазақтар тұратын Баян-Өлгей аймағында жүк көлігі жол бойындағы тойханаға соғылды. Апат салдарынан ғимарат ішіндегі 3 адам көз жұмды. Тойхананың ерлі-зайыпты иелері мен кассир қыз оқиға орнында көз жұмаған, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Көлік жүргізушісі ауыр жараланып, жансақтау бөліміне түсті. Үйіндінің астында қалған марқұмдарды шығаруға аймақтық полиция басқармасының мамандары жұмылдырылды.

    «Полициядан 25, төтенше жағдай басқармасынан 20 адам жіберілді. Қазір болған оқиғаға байланысты тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Үйінді астынан қаза тапқан адамдардың денелері шығарылды»,- деді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

    Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, апатқа ұшыраған жүк көлігі тексеру пуктіне келгенде төлем алу орталығының қызметкерлері көлікті тіркеп, оның өз салмағынан 10 тоннаға артық жүкті тиеп бара жатқанын анықтаған. Олар жүргізушіден техникалық құжаттын көрсетуді сұраған. Бірақ жүргізуші артық жүкті тастап кетудің орнына, тексеру пунктінен жолын тауып, сытылып шыққан.

    Ал қызметкерлердің көлікті тоқтатып, өткізбей қоюға, тексеруге құзіреті жоқ болып шықты. Оны тексеретін мемлекеттік бақылау инспекторлары мен полиция өкілдері сол түні кезекшілікте болмаған.

    Қайғылы оқиға орын алған жол бойымен салмағы тек 5 тоннадан аспайтын көліктер жүруге міндетті. Алайда, діттеген жеріне жылдам жетуді ойлайтын кейбір жүргізушілер ережеге  пысқырып та қарамайтын көрінеді. Осылайша дәл осы жерде талай адамның өмірі қиылған.

    Аталған жерде ауыр жол апаттарынан бұған дейін 8 адам қаза тапқан.

    Жол-көлік апатына себептер ішінде көлік жылдамдығын арттыру, жол беліглерін байқамау, жеңіл көлік жолағына ауыр техникалардың шығып кетуі кіреді.

    «Қаза тапқан адамдарды бүгін жер қойнына бердік. Тойхананың бұрынғы иесі қалаға кіре берістегі ғимаратты былтыр сатып жіберген екен. Өйткені, бұған дейін де көліктер дәл осы еңкейісте жиі аударылып,  ғимаратқа соғыла берген. Тойхананы былтыр Дэлүүн ауылынан қалаға көшкен ерлі-зайыпты сатып алып, жұмыс істеп жүрген. Апаттан екеуі де қайтыс болды. Ауқаттану орнында есепші болып жұмыс істеген қыз ауылдасымыз,  бір үйдің жалғыз асыраушысы еді. Бойжеткен, пысық болатын. Университеттен соң мамандығы бойынша мұғалім болмай, сол тойханада жұмыс істеп жүрген екен. Обал болды, әке-шешесінің үміті, жанып тұрған қыз еді. Марқұмды жер қойнына тапсырдық. Бұл оқиға аймақ халқына ауыр тиді»,- деді бұлғындық Ақылбай Шайзада.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →