Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді • Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады • Көлік сатылған соң камера айыппұлдары кімге келеді және оны қалай даулауға болады • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді • Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді • Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады • Көлік сатылған соң камера айыппұлдары кімге келеді және оны қалай даулауға болады • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді •

    «Музыка кабинеті тар» – Алматылық оқушы министрге шағымын айтты

    Алматылық оқушы Мәдениет және спорт министріне мектептегі музыка кабинетінің шағын екенін айтып шағымданды, — деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz тілшісі.

    Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Күләш Байсейітова атындағы мектеп-интернатқа барды. Кездесу барысында оған 5-сыныпта оқитын Ассамад Әуелбек есімді оқушы келіп, музыкалық аспаптармен айналысатын бөлменің тар екенін айтып, кеңірек студия беруді сұрады. TikTok әлеуметтік желісінде баланың министрге айтқан видеосы жарияланды.

    Бала барабанда ойнауды үйреніп жүргені белгілі болды. Ал оны тар кабинетте үйрену өте ыңғайсыз көрінеді.

    «Кабинет тым тар, аздап кеңейту керек», – деді бала министрге.

    Асхат Оралов бұл мәселені өз бақылауына алынатынын айтып, биылғы жылы мектепке жаңа музыкалық аспаптар мен білім беру мекемесінің басқа да қажеттіліктеріне 250 миллионнан астам қаржы бөлінетінін жеткізді.

    Сондай-ақ министр бастауыш сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтамасыз етілетініне уәде берді.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →