Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Сапаровты қабылдап, сала қорытындысын тыңдады Жол емес, батпақ: Арқалық әкімдігі Ашутасты халқын қашанға дейін елеусіз қалдырмақ? Елордада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады 100 млн теңге пара алды деген күдік: ҰҚК Атырау әкімінің орынбасарына қатысты тергеуді растады Боксшы Қанат Ислам жаңа қызметке тағайындалды «Асқазаным сыздап, желкеме тас байланғандай»: Гүлзира Айдарбекова қазіргі күйін айтты Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Сапаровты қабылдап, сала қорытындысын тыңдады Жол емес, батпақ: Арқалық әкімдігі Ашутасты халқын қашанға дейін елеусіз қалдырмақ? Елордада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады 100 млн теңге пара алды деген күдік: ҰҚК Атырау әкімінің орынбасарына қатысты тергеуді растады Боксшы Қанат Ислам жаңа қызметке тағайындалды «Асқазаным сыздап, желкеме тас байланғандай»: Гүлзира Айдарбекова қазіргі күйін айтты

Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады

Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені қабылдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Президентке Kaspikz компаниясы қызметінің нәтижелері мен шағын және орта бизнесті дамытуға арналған жаңа сервис құру жоспары жөнінде мәлімет берілді.

Мемлекет басшысына ұсынылған ақпаратқа сәйкес, бүгінде 700 мыңға жуық отандық кәсіпкер өз бизнесін Kaspikz технологияларының көмегімен дамытып жатыр. Биылғы бірінші жартыжылдықтың өзінде тауарлар мен қызметтер үшін 12 триллион теңге көлемінде қолма-қол ақшасыз төлем жасалып, 150 мың жеке кәсіпкер тіркелген.

Мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірленген онлайн-сервистердің көмегімен қазақстандықтар салықтарды мерзімінде төлеу мүмкіндігіне ие болды. 2024 жылдың 6 айында аталған қызметтер арқылы бюджетке 1,1 триллион теңгеден астам салықтар мен басқа да төлемдер түскен.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлікті өркендетудің маңызды екенін атап өтіп, Kaspikz акционерлеріне қолдау білдірді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика