Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 7 қараша 2026 $ 452,6↑€ 509,7↑₽ 5,53↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Таразда бокстан Қазақстан чемпионаты аяқталып, 20 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталды • Төреғали Төреәліне «Боқ сөз иегері» антижүлдесі дайындалды • Алматыда Байшаков жадына арналған халықаралық турнирде «Атлетико Мадрид Қазақстан» жеңімпаз атанды • Мереке Қалбаева енесімен қарым-қатынасы туралы ашық айтты • Нинбодағы әлем чемпионаты: Артем Антропов 110 келіде сегізінші орын алды • Ұлттық Банк атынан жалған хат таратып, ақша сұрайтын алаяқтар көбейді • Таразда бокстан Қазақстан чемпионаты аяқталып, 20 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталды • Төреғали Төреәліне «Боқ сөз иегері» антижүлдесі дайындалды • Алматыда Байшаков жадына арналған халықаралық турнирде «Атлетико Мадрид Қазақстан» жеңімпаз атанды • Мереке Қалбаева енесімен қарым-қатынасы туралы ашық айтты • Нинбодағы әлем чемпионаты: Артем Антропов 110 келіде сегізінші орын алды • Ұлттық Банк атынан жалған хат таратып, ақша сұрайтын алаяқтар көбейді •

    Түркістанда іс жүзінде жұмысқа тұрмаған адамдарға 130 млн теңге төленген

    Түркістанда іс жүзінде жұмысқа тұрмаған адамдарға 130 млн теңге төленген

    Фото: Pixabay

    Түркістанның еңбек мобильділігі орталығында іс жүзінде жұмысқа тұрмаған адамдарға 130 млн теңге төленді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Қаржылық мониторинг агенттігі облыс прокуратурасының үйлестіруімен Халықты жұмыспен қамту саласы бойынша бөлінген бюджет қаражатын талан-таражға салу деректеріне қатысты бірнеше қылмыстарды әшкерелеген.

    Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің қызметкерлерімен мемлекетке 130 млн теңгеден астам залал келтірілген.

     «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің жауапты тұлғалары «2021-2025» жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында субсидияланған жұмыс орындарына қатысушы тұлғалардың жалақыларын төлеу барысында, бірқатар кәсіпорындардың басшыларымен адамдар тобы болып сөз байласа отырып, мекемелерде іс-жүзінде жұмыс жасамайтын 132 азаматтың жеке деректерін «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізіп, оларға аударылған айлық жалақыларын иемденіп отырған.

    Тергеу жалғасуда.

    Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, «АФМ Insider» телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.

    Анонимділікке кепілдік беріледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →