Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті Қауіп пен өзгерістерді алдын ала анықтайды: Қазақмыс «Жомарт» кенішінде цифрлық мониторинг жүйесін енгізіп жатыр ЖОО грантына өтініш қабылдау 13 шілдеде басталады: eGov арқылы онлайн тапсыру Қазақстандық әйел Түркияның Анталья қаласында жол апатынан қаза тапты Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Сапаровты қабылдап, сала қорытындысын тыңдады Жол емес, батпақ: Арқалық әкімдігі Ашутасты халқын қашанға дейін елеусіз қалдырмақ? Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті Қауіп пен өзгерістерді алдын ала анықтайды: Қазақмыс «Жомарт» кенішінде цифрлық мониторинг жүйесін енгізіп жатыр ЖОО грантына өтініш қабылдау 13 шілдеде басталады: eGov арқылы онлайн тапсыру Қазақстандық әйел Түркияның Анталья қаласында жол апатынан қаза тапты Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Сапаровты қабылдап, сала қорытындысын тыңдады Жол емес, батпақ: Арқалық әкімдігі Ашутасты халқын қашанға дейін елеусіз қалдырмақ?

Жыл басталғалы 350 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

Елімізде атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны артқан. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Әлеуметтік төлемдер отбасының табысына қарамастан тағайындалатынын атап өткім келді.Одан бөлек, отбасының әр мүшесіне шаққандағы табыс көлемі кедейлік шегінен төмен болған жағдайда, мемлекет қосымша атаулы әлеуметтік көмек көрсетеді. Өткен жылы атаулы әлеуметтік төлемді 729 мың адам алды. Биыл жыл басынан бері 350 мың адамға тағайындалды. Бұл өткен жылға қарағанда 8,7 мыңға артық», — деді Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында.

Сонымен қатар ведомство басшысы «Күміс жас» жобасы туралы әңгіме өрбітті.

«Аталған жоба аясында 3 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды. Оның 50 пайызы әйелдер. Қатысушылар «Күміс жас» жобасын сәтті деп санайды. Биыл жобаға қатысу жас мөлшері 58-ден 50 жасқа дейін төмендеді. Жоба қатысушылары жұмыс берушілердің ұсынысын біліктілігіне қарай таңдай алады. Жалақыны мемлекет 3 жыл ішінде субсидиялайды», — дейді министр.

Бұған дейін Тамара Дүйсенова 258 мыңнан астам жүкті және босанған әйелдердің әлеуметтік төлем алатыны туралы айтқан еді.

 

Qazaq.today

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика