Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды • АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды •

    Шымкенттік тұрғын зейнеткерге алданып, 7 млн теңгесінен айырылды

    Шымкенттік тұрғын мемлекеттік бағдарламамен үй аламын деп 7 млн теңгеге жуық қаржысынан айырылды, — деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

    Биыл 22 қаңтарда, сағат 13:58-де Әл-Фараби АПБ-ға жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, бір айдан бергі танысы Шымкент қаласынан мемлекеттік бағдарлама бойынша екі ай уақыттың ішінде пәтер алып беремін деп 6 миллион 650 мың теңге ақшасын алдын ала алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен.

    Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

    Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны қала аумағынан қолға түсірді.

    Ол Шымкент қаласының 63 жастағы тұрғыны болып шықты. Зейнеткер. Бұған дейін мұнай саласында жұмыс жасаған. Сондай-ақ ұсталған азаматша бұрын алаяқтық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылып, істі болған.

    Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →