Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді • Путинцева Ухань турнирінің іріктеу финалына шықты, Бублик Шанхайда жұптықта жеңілді • АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді • Путинцева Ухань турнирінің іріктеу финалына шықты, Бублик Шанхайда жұптықта жеңілді • АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті •

    Ақтөбе облысында шаруалардың ірі қара малы қырылып қалды

    Ақтөбе облысында шаруалардың ірі қара малы қырылып қалды

    Ақтөбе облысы Алға ауданы Бесқоспа ауылдық округіндегі шаруа қожалығында мал қырылды. Алдын ала болжам бойынша ірі қара шөптен уланған болуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

    Ақтөбелік шаруа Марлен Баймағамбетов әлеуметтік желі арқылы ірі қара малдың қырылғанын жазып, себебін анықтауды талап етті. 

    Қазіргі кезде малдан сынама алынып, зерттеуге жіберілді.

    — 26 шілде күні Бесқоспа ауылдық округінде орналасқан «Санжар-Т» басшысы 18 бас ірі қара малының өлгенін хабарлады. Хабар түскен бойда мал иесіне ірі қараны қамау тапсырылып, аудандық ветеринариялық станса директоры мен Бесқоспа ауылдық округі ветеринариялық пункт меңгерушісі барды. Малды қарап, өлексесін сойды. Нәтижесінде ІҚМ жаңбырдан кейін шыққан улы шөптерден уланған деп алдын-ала диагноз қойылды. Өлекседен патологиялық материал алынды. Мал иесіне малды басқа жерге жаюы керектігі ескертілді, — деп хабарлады Алға аудандық ветеринариялық стансасы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →