Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді • Путинцева Ухань турнирінің іріктеу финалына шықты, Бублик Шанхайда жұптықта жеңілді • АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді • Путинцева Ухань турнирінің іріктеу финалына шықты, Бублик Шанхайда жұптықта жеңілді • АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті •

    Димаштың «Singer» байқауы кезінде айтқан сөзі дауға ұласты

    Димаштың «Singer» байқауы кезінде айтқан сөзі дауға ұласты

    Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 26 шілдеде «Singer 2024» ән байқауының ақтық бәсекесі кезінде айтқан сөзі қытайлық көрермендер арасында үлкен дауға ұласты.

    Финалдық бәсекенің екінші кезеңінде, Димаш канадалық танымал әнші Фаузияға сыбырлап сөйлеген сөзі тікелей эфирде көрерменге естіліп қалған.

    Димаш Канадалық әншіге «Олардың айтуынша, Сенің алдыңда қытай әншісі болуы керек (They said, It must be Chinese before you)» деген. Ал Фаузия оған «жақсы, мәселе жоқ» деп жауап берген.

    Байқау қорытындысы бойынша, Фаузия жеңімпаздар қатарынан көріне алмай, қытайлық әнші На Ин жеңімпаз атанып, Таң Вэйвэй және Сун Нан үздік үштіктен көрінді.

    Осылайша, қытайлық телекөрермендер және әлеуметтік желі пайдаланушылары «Singer» шоуының шынайылығына күдіктеніп, жобаны ұйымдастырушыларға наразылық білдірді.

    Артынша, Димаш Құдайберген weibo парақшасында түсініктеме беріп, Фаузия онымен бірге өнер көрсетуді сұрағанын, ал ұйымдастырушылар оған қытай әншісі болуы керек (Must be a Chinese singer «for» you) деп айтқанын жеткізді.

    Айта кетейік, Димаш араға 7 жыл салып «Singer 2024» ән байқауының сахнасына оралып, ақтық бәсекенің алғашқы кезеңінде құрметті қонақ ретінде америкалық танымал әнші Шанте Торрейн Мурмен бірге өнер көрсетіп, Lose Control әнін шырқады.

    Сондай-ақ, Шанте Мурдың финалдық бәсекенің екінші кезеңіне өтпей қалуы қытайлық әлеуметтік желіде жанкүйерлердің наразылығына ұшыраған болатын.

    Ақпарат көзі: Қазақпарат

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →