Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Майқайыңда шахтаға түсіп кеткен автобус табылды

    Майқайыңда шахтаға түсіп кеткен автобус табылды

    Фото: Tengrinews.kz

    Майқайыңда шахтаға түсіп кеткен автобус табылды, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Еске салайық, бұған дейін «Майқайыңалтындағы» үшінші құтқарушының денесі табылған болатын. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов марқұмның туыстарына көңіл айтты.

    Өңір басшысы Telegram-да «Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде тұрақты негізде аздаған үзілістермен іздестіру жұмыстары жүргізілгенін жазды. Соның нәтижесінде екі құтқарушының бірінің денесі табылды. Павлодар облысының ТЖД күшімен құтқарушының мүрдесі жер бетіне көтеріліп, жедел-тергеу тобына берілді.

    Табылған жетон мен киімінен құтқарушылар взводы командирінің 36 жастағы орынбасары Айдос Шаймерденнің денесі табылғаны анықталды.

    Облыс әкімі Айдостың ата-анасына, оның жұбайы Нұрсұлуға, сондай-ақ, туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

    Ал 55 жастағы жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі әлі табылған жоқ. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →