Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Ақтауда алимент төлемеген борышкер бас бостандығынан айырылды

    Ақтауда алимент төлемеген борышкер бас бостандығынан айырылды
    Фото: freepik.com

    Ақтау қаласының прокуратурасы алимент бойынша берешегі 3 млн теңгеден асатын «А» есімді азаматқа Қылмыстық кодексінің 139-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің нәтижесінде қылмыстық іс Маңғыстау облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

    05.07.2024 жылғы соттың үкімімен «А» есімді азаматқа 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды.

    Ақтау қаласының прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлемегені үшін ҚР ҚК 139-бабы бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →