Басты бет » Еуропа чемпионатының финалында жеңілген Англия құрамасының бапкері қызметінен кетті

Еуропа чемпионатының финалында жеңілген Англия құрамасының бапкері қызметінен кетті

LONDON, ENGLAND - OCTOBER 17: Manager Gareth Southgate of England looks on before the UEFA EURO 2024 European qualifier match between England and Italy at Wembley Stadium on October 17, 2023 in London, England. (Photo by Richard Sellers/Sportsphoto/Allstar via Getty Images)

Футболдан Англия құрамасының бас бапкері Гарет Саутгейт қызметінен кетті. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ — ке сілтеме жасап хабарлайды. 

53 жастағы маман 2016 жылдың қыркүйегінен бастап команданың тізгінін ұстаған.

«102 ойын өткізіп, сегіз жылға жуық уақыт құрама тізгінін ұстаған Гарет Саутгейт өзінің қызметінен кететінін мәлімдеді», — деп хабарлайды ұлттық құраманың Instagram желісіндегі ресми парақшасы.

Англиялықтар Еуропа біріншілігінде биыл екінші мәрте ақтық сынға шыққан болатын. Алайда финалда Испания құрамасына 1:2 есебімен есе жіберіп қойған болатын. Ал Гарет Саутгейт Еуропа чемпионатының тарихында екі мәрте финалдық ойында жеңіліс тапқан бірінші бапкер болды. Ал Испания құрамасы өз тарихында төрт дүркін Еуропа чемпионы атанды.

Осылайша Англия құрамасы халықаралық турнирлердегі жеңіліс сериясын одан әрі ұзартты. 1966 жылы өз үйінде болған әлем чемпионатындағы жетістігінен кейін Англия 58 жыл бойы түрлі додаларда топ жара алмай келеді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика