Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 30 тамыз 2026 $ 464,4 538,0 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұлытау облысында 300 пәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысы басталды «Кеудемді өкініш кернеп, тұншыға бастаймын»: Гүлзира Айдарбекова ағасын жоқтады Астанада велосипед мінген әйелді жүк көлігі қағып, қаза тапты «Мама, мені жалғыз қалдырдың»: Анна Данченконың отбасы қара жамылды Аида Балаева журналистерді кәсіби этиканы сақтауға шақырды «Сені жақсы көреміз»: Димаш Құдайберген қарындасына сахнада тосын сый жасады Ұлытау облысында 300 пәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысы басталды «Кеудемді өкініш кернеп, тұншыға бастаймын»: Гүлзира Айдарбекова ағасын жоқтады Астанада велосипед мінген әйелді жүк көлігі қағып, қаза тапты «Мама, мені жалғыз қалдырдың»: Анна Данченконың отбасы қара жамылды Аида Балаева журналистерді кәсіби этиканы сақтауға шақырды «Сені жақсы көреміз»: Димаш Құдайберген қарындасына сахнада тосын сый жасады

    Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингіде бірден 36 сатыға жоғары көтерілді

    Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингіде бірден 36 сатыға жоғары көтерілді

    Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жариялаған әлемдік рейтингіде қазақстандық теннисшілердің орны белгілі болды, деп жазады Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 23-тен 24-ке сырғыса, Александр Шевченко 57-ден 56-ға ауысты.

    Михаил Кукушкин 133-тен 135-ке төмендесе, Денис Евсеев 164-тен 160-қа жайғасты.

    Румынияда Брашов челленджер турнирінің финалына, кейін Яссыда ширек финалға дейін жеткен Дмитрий Попко осыған дейін 222-орында болса, бірден 36 сатыға жоғарылап, әлемнің 186-ракеткасы атанды. Бейбіт Жұқаев ТОП-200-ге жақындап тұр (+12, №201). Тимофей Скатовтың нәтижесі де жаман емес (+7, №223).

    Әлемдік рейтингіде алғашқы үштікте өзгеріс бола қойған жоқ: италиялық Янник Синнер көш басында болса, сербиялық Новак Джокович екінші, Уимблдон чемпионы атанған испаниялық Карлос Алькарас үшінші сатыда келеді.

    Жұптық сында Александр Недовесов 48-ден 49-ға, Андрей Голубев 138-ден 148-ге ығысса, А.Бублик 131-орында қалды. Әлемде жұптық сында бірінші орынды испаниялық Марсель Гранольерс пен аргентиналық Орасио Себальос бөліссе, олардың өкшесін аустралиялық Мэттью Эбден басып тұр.

    Осы аптадағы жарыстарда сәтті өнер көрсетсе, қазақстандық теннисшілер рейтингілік нәтижелерін жақсарта алады.

    Фото: Спортшының Instagram парақшасынан

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →