Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 30 тамыз 2026 $ 464,4 538,0 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Мама, мені жалғыз қалдырдың»: Анна Данченконың отбасы қара жамылды Аида Балаева журналистерді кәсіби этиканы сақтауға шақырды «Сені жақсы көреміз»: Димаш Құдайберген қарындасына сахнада тосын сый жасады Алматыда тұрғын үй өртеніп, бір әйел ауруханаға жатқызылды «Келінім үйде ештеңе істемейді»: Айгүл Иманбаева отбасылық өмірі туралы сыр шертті Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді «Мама, мені жалғыз қалдырдың»: Анна Данченконың отбасы қара жамылды Аида Балаева журналистерді кәсіби этиканы сақтауға шақырды «Сені жақсы көреміз»: Димаш Құдайберген қарындасына сахнада тосын сый жасады Алматыда тұрғын үй өртеніп, бір әйел ауруханаға жатқызылды «Келінім үйде ештеңе істемейді»: Айгүл Иманбаева отбасылық өмірі туралы сыр шертті Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді

    Елена Рыбакина Уимблдонның финалынан тыс қалды

    Елена Рыбакина Уимблдонның финалынан тыс қалды

    Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Ол жартылай финалда әлемнің 32-ракеткасы, чехиялық Барбора Крейчиковамен бетпе-бет келді.

    Дүниежүзілік рейтингіде кезінде 2-орынға дейін көтерілген чехиялық теннисші 2021 жылы Ролан Гарроста үздік шыққан еді. Оған қоса жұптық сында «Үлкен дулыға» турнирінің жеті дүркін чемпионы атанған болатын.

    Қарсыластар осыған дейін 2021 жылы Аустралияда Мельбурнда және 2022 жылы Чехияда Остравада WTA 500 турнирінде кездесіп, екеуінде де тартысты жекпе-жекте Крейчикова камбэк жасап, жеңіске жеткен еді. Остравада чехиялық спортшы финалда поляк қызы Ига Швентекті ұтып, чемпион атанды.

    Рыбакинаның спорттық жолындағы ең ірі табысы Уимблдонмен байланысты екендігі белгілі. 2022 жылы финалда тунистік Онс Жаберді сүріндірген Рыбакина қазақстандықтар арасынан алғаш рет жекелей сында жеңіс тұғырына көтерілді. Ал өткен жылы ширек финалда дәл сол О.Жаберге есе жіберді.

    Б.Крейчикова 28-де болса, қазақстандық теннисші 25 жаста еді.

    Бұл жолы Елена матчты тамаша бастады – 4:0. Крейчикова қайыра брейк жасағанымен, есепті 5:1-ге жеткізді. Ақыры сәл кідіргенімен, сетті алды – 6:3.

    Екінші партияда есесіне Барбора 5:2 есебімен алға кетті. Ақыры алтыншы сетболын пайдаланды – 6:3.

    Үшінші, шешуші сетте есеп 3:3 болған мезетте Крейчикова брейк жасап кетті – 4:3. Ақыры матчқа доп бергенде, мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4.

    Екі сағат 8 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Рыбакина 8 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың тек үшеуін пайдаланды. Крейчикова 4 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Осылайша, чехиялық теннисшімен матчты жақсы бастағанымен, Рыбакина одан үшінші рет жеңіліс тапты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →