Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 6 қыркүйек 2026 $ 455,8 529,4 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Атырауда 4 жастағы ұл балабақшаның кәріз құдығына құлап, қайтыс болды

    Атырауда 4 жастағы ұл балабақшаның кәріз құдығына құлап, қайтыс болды

    Атырауда 4 жасар бала балабақшаның кәріз құдығына құлап, мерт болды. Қазір аталған оқиға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға бүгін, 10 шілдеде Атырау қаласының маңындағы Құрсай ауылында болған.

    Күндізгі сағат 11:00 шамасында «Чебурашка» жеке балабақшасында 4 жасар бала кәріз құдығына құлап кеткен. Оқиға орнына құтқару қызметі мен полиция шақыртылған.

    «Қазір Атырау қалалық полиция басқармасында жеке меншік балабақшада 4 жасар баланың кәріз құдығына құлап, қайтыс болуына қатысты қылмыстық іс тіркелді. Полиция қызметкерлері кешенді тергеу амалдарын жүргізуді бастады. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

    Атырау облыстық полиция департаменті қайғылы оқиғаға байланысты тергеу жүргізбек.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →