Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 30 тамыз 2026 $ 464,4 538,0 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Сені жақсы көреміз»: Димаш Құдайберген қарындасына сахнада тосын сый жасады Алматыда тұрғын үй өртеніп, бір әйел ауруханаға жатқызылды «Келінім үйде ештеңе істемейді»: Айгүл Иманбаева отбасылық өмірі туралы сыр шертті Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді Астана метросының «Әуежай» станциясы 28 тамыздан бастап жабылады Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр «Сені жақсы көреміз»: Димаш Құдайберген қарындасына сахнада тосын сый жасады Алматыда тұрғын үй өртеніп, бір әйел ауруханаға жатқызылды «Келінім үйде ештеңе істемейді»: Айгүл Иманбаева отбасылық өмірі туралы сыр шертті Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді Астана метросының «Әуежай» станциясы 28 тамыздан бастап жабылады Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр

    Елімізде коммуналдық қызмет шығыны 11%-ға өсті

    Елімізде коммуналдық қызмет шығыны 11%-ға өсті

    Қазақстандықтардың коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығындары бір жылда 11%-ке өсті, деп хабарлайды Qazaq Today агенттігі Energyprom.kz -ке сілтеме жасап.

    Биылғы жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтар коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді ұстауға және жөндеуге орта есеппен 59,6 мың теңге жұмсады, бұл өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 10,8%-ке көп.

    Әсіресе елорда тұрғындарының шығыны көп, олар 103,7 мың теңге жұмсайды. Бұл өткен жылғы қаңтар — наурызбен салыстырғанда 6,5%-ке және ел бойынша орташа көрсеткіштен 73,8%-ке артық.

    Алматы мен Қарағанды облысының тұрғындары да үй шаруашылығына қаражатты көп жұмсайды. Ал коммуналдық қызметтер, тұрғын үйді күтіп ұстау және жөндеу үшін Абай, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстарының тұрғындары ақшаны ең аз жұмсайды.

    Осы уақытта тұрғын үй қызметтеріне, суға, электр энергиясына, газға және басқа да отын түрлеріне баға ағымдағы жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша бір айда 0,9%ға және бір жылда 17,6%-ға өсті. Оның ішінде айлық динамикада қоқыс шығару қызметтерінің бағасы 6,1%-ға, электр энергиясының құны 1,8%-ға, тұрғын үй-жайларға қызмет көрсету және жөндеу қызметтерінің құны 1,7%-ға, су бұру қызметтерінің құны 0,2%-ға өсті.

    Фото: Pixabay

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →