Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    NVIDIA басшысы қазақ жастарына қандай кеңес берді? • Тоқаев Қазақстанның соңғы жылдардағы басты жетістіктерін атады • Қазіргідей құбылмалы әрі бәсекеге толы заманда бей-жай, бейқам отыруға мүлдем болмайды – Президент • Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды – Қасым-Жомарт Тоқаев • Ауызсу тартамыз деп, кәріз жүйесін жарып жіберді: Қарағандыны нәжіс суы басуда  • Бензин құю кезінде күйіп қалған ақтөбелік жұмысшы көз жұмды • NVIDIA басшысы қазақ жастарына қандай кеңес берді? • Тоқаев Қазақстанның соңғы жылдардағы басты жетістіктерін атады • Қазіргідей құбылмалы әрі бәсекеге толы заманда бей-жай, бейқам отыруға мүлдем болмайды – Президент • Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды – Қасым-Жомарт Тоқаев • Ауызсу тартамыз деп, кәріз жүйесін жарып жіберді: Қарағандыны нәжіс суы басуда  • Бензин құю кезінде күйіп қалған ақтөбелік жұмысшы көз жұмды •

    Оралда ерлі-зайыптының күйік шалған денесі табылды

    Оралда ерлі-зайыптының күйік шалған денесі табылды

    Оралдағы үйлердің бірінен ерлі-зайыптының күйік шалған денесі табылды, деп хабарлайды Qazaq Today агенттігі «Мой Город» басылымына сілтеме жасап. 

    Қайғылы оқиға 3 шілдеге қараған түні болды. БҚО ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, сағат 02:34-те өртсөндірушілердің пультіне «Пенсионер» бау-бақша серіктестігінде 30 шаршы метр аумақта саяжай өртеніп жатқаны туралы шақыру түскен.

    Сағат 4:30-да өрт толық ауыздықталды. Оқиға орнынан өртсөндірушілер екі адамның күйік шалған мәйітін тапты.

    Өрттің себептерін мамандар анықтап жатыр. Тұрғындардың сөзінше, марқұмдар — жас ерлі-зайыпты.

    «Олардың үйі су тасқынынан зардап шекті. Олар зиянды анықтау жөніндегі комиссияны күтті, бірақ оған жете алмады», — деді тұрғындардың бірі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →