Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Республика күні қарсаңында ІІМ мен Ұлттық ұланда әскерилер мен полицейлер марапатталды • ДДСҰ Франциядағы Шамонда вирусын жұқтыру жағдайын тергеп жатыр • «Қазгидромет» 24 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Айгүл Иманбаева әкесімен 40 жыл араласпай, қайта қауышқанын айтты • АҚШ-та 76 жастағы әйел бұрынғы күйеуі мен оның сүйіктісін атып өлтірді • Қазақстанның бес облысында жазғы шинамен жүруге шектеу қойылды • Республика күні қарсаңында ІІМ мен Ұлттық ұланда әскерилер мен полицейлер марапатталды • ДДСҰ Франциядағы Шамонда вирусын жұқтыру жағдайын тергеп жатыр • «Қазгидромет» 24 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Айгүл Иманбаева әкесімен 40 жыл араласпай, қайта қауышқанын айтты • АҚШ-та 76 жастағы әйел бұрынғы күйеуі мен оның сүйіктісін атып өлтірді • Қазақстанның бес облысында жазғы шинамен жүруге шектеу қойылды •

    Тоқаевтың реформалары: ел азаматтарының 77,1% Президентке сенеді

    Тоқаевтың реформалары: ел азаматтарының 77,1% Президентке сенеді
    Фотосурет: Ақорда

    Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ағымдағы жылдың 11 мамыры мен 22 маусымы аралығында әлеуметтанулық сауалнама жүргізді. Іріктеме көлемі 8000 респондентті құрайды. Сауалнамаға 17 облыс пен республикалық маңызы бар қалалар: Астана, Алматы және Шымкенттің 18 жастан асқан респонденттері қатысты.

    Қоғамдық пікірді зерттеу нәтижелеріне сәйкес, Қазақстан Республикасының Президентіне респонденттердің 77,1 пайызы сенім білдіреді. Бұл ретте бірқатар заңдылықтарды ескере отырып, Мемлекет басшысына сенім артқан азаматтардың орташа портретін көрсетуге болады.

    Біріншіден, жастар Президентке көбірек сенім артады (81,9%).

    Екіншіден, респонденттердің білім деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым олардың Мемлекет басшысына деген сенімі артады.

    Үшіншіден, Мемлекет басшысына сенім деңгейі ауыл тұрғындары (79,6%) және қала тұрғындары (75,4%), әйелдер (79%) және ерлер (74,9%) арасында шамамен бірдей екенін атап өткен жөн.

    Төртіншіден, білім, өнеркәсіп, қызмет көрсету, көлік және ауыл шаруашылығы салаларында қызмет ететіндер Президентке көбірек сенім артады.

    Әлемде саяси институттарға деген сенімнің төмендеуі сияқты жалпы үрдіс байқалады. Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропадағы геосаяси өзгерістер, пандемия, инфляция салдарынан өмір сүру құнының өсуі және көптеген елдерді шарпыған экономикалық дағдарыс саяси институттарға деген сенімнің төмендеуінің себептерін түсіндіреді.

    Бұл тұрғыда Қазақстан көптеген елдермен салыстырғанда жақсы жағынан ерекшеленеді. Мемлекеттің кезең-кезеңімен саяси жаңғыруы, көппартиялық жүйені дамытуға бағытталған заңдар, жергілікті және аудан әкімдерін сайлау, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» формуласын жүзеге асыру – осының барлығы Президенттің Әділетті Қазақстан тұжырымдамасын іс жүзінде жүзеге асырудың көрінісі.

    Әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, Қасым-Жомарт Тоқаевтың ашық және әділ қоғам құруға, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған реформалары, сайып келгенде, Президенттің қоғамдағы жоғары рейтингіне негіз болды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →