Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті • Тоқаев көлік министрін ауыстырды: Әсел Жанасова вице-премьер де болды • Әсел Жанасова вице-премьер – көлік министрі болып тағайындалды • Ақтөбеде неке сарайына келген 26 жастағы келіншекті бұрынғы күйеуі пышақтап кетті • Алмалы сотында «ҚазТрансГаз» бұрынғы қаржы директорының айғақтары тыңдалды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті • Тоқаев көлік министрін ауыстырды: Әсел Жанасова вице-премьер де болды • Әсел Жанасова вице-премьер – көлік министрі болып тағайындалды • Ақтөбеде неке сарайына келген 26 жастағы келіншекті бұрынғы күйеуі пышақтап кетті • Алмалы сотында «ҚазТрансГаз» бұрынғы қаржы директорының айғақтары тыңдалды •

    Қазақстанда сұйытылған газ қымбаттады

    Қазақстанда сұйытылған газ қымбаттады

    Бір тонна сұйытылған мұнай газының шекті көтерме бағасы 45 158 теңгені (бұрынғы бағасы — 40 320 теңге) құрады. Бұл ретте шекті бөлшек сауда бағасы өңірге қарай литріне 5-8 теңгеге дейін шамалы өсті. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Астанада және Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында – сұйытылған газ литрі 76 теңгеден 84 теңгеге өсті. Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облысы және Шымкент — 64 теңгеден 79 теңгеге, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында – 54 теңгеден 59 теңгеге қымбаттады. Алматы қаласында, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында – 81 теңгеден 89 теңгеге өзгерген.

    Жамбыл облысында – литріне 78 теңге (71 теңге), Павлодар облысында – 81 теңге (74 теңге) болып өзгерген.

    Министрлік бұл шараны қабылдауға бірнеше себеп бар екенін түсіндірді:

    * сұйытылған мұнай газының бағасы оны өндіру құнынан әлдеқайда төмен;

    * ТМД-да тұтыну күрт өскен;

    * ТМД-да зауыттар өндіріске деген қызығушылығын жоғалтуда;

    * Қазақстанда 54-86 теңгеге дейін ТМД-дағы ең төмен бағалардың бірі байқалған.

    «Салыстырмалы түрде Ресейде бір литр газдың бағасы 132 теңге, Әзербайжанда — 171 теңге, Тәжікстанда — 273 теңге. Сарапшылардың болжамынша, 2024 жылы ішкі нарықта тұтыну көлемі тағы 200 мың тоннаға артып, 2,4 млн тоннаға жетеді. Бұл ретте газ тапшылығы 30-40% құрауы мүмкін», — дейді министрлік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →