Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 30 шілде 2026 $ 476,8 543,3 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасы жалғасуда Қасым-Жомарт Тоқаев семсерлесушілерді әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады Олимпиаданың жаңа үміті: Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын алғаш рет жеңіп алды Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президентімен кездесті 29 шілдеде көпқабатты үйдегі өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ Гүлнұр Оразымбетова ақ шілтерлі көйлектегі суретін жариялады Қазақстанда ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасы жалғасуда Қасым-Жомарт Тоқаев семсерлесушілерді әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады Олимпиаданың жаңа үміті: Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын алғаш рет жеңіп алды Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президентімен кездесті 29 шілдеде көпқабатты үйдегі өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ Гүлнұр Оразымбетова ақ шілтерлі көйлектегі суретін жариялады

    Елімізде ресми есепте тіркелген 2 млн бас мал жоқ болып шықты

    Елімізде ресми есепте тіркелген 2 млн бас мал жоқ болып шықты

    Ауыл шаруашылығы министрлігі ірі қара малға қатысты статистиканы қайта жаңартты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Министрлік ауыл шаруашылығын дамытудағы жүйелі проблемалық мәселелердің бірі ретінде жалған статистиканы атап өтеді. Яғни қала, кент және ауылдық округ әкімдері жүргізетін шаруашылық есебі негізінде салалық статистиканың бұрмаланып кетеді.Соның салдарынан еліміздегі ірі қара малдың саны шамамен 2 млн басқа қысқарды, деп жазады El.kz.

    Саланың тиімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы саласындағы статистикалық деректерді сәйкестендіру жұмыстарын аяқтаған.

    2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығындағы мал саны бағытындағы әр шаруашылық бойынша электрондық есепке алу деректерін өзектендіру нәтижесінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қоса алғанда, ірі қара мал саны шамамен 2 млн басқа, сүт өндірісі 3 млн тоннаға, қой саны 14%-ға, ешкі 20%-ға, шошқа 34%-ға, үй құсы 22%-ға, ет өндірісі 15%-ға, тауық жұмыртқасы 10%-ға қысқарды, – делінген АШМ хабарламасында.

    Тиісті деректер жоспарлау мен ішкі нарықты реттеу бойынша шешімдер қабылдау сапасын арттырады. Дәл осындай жұмыстар өсімдік шаруашылығында да жүргізіліп жатыр. Оны 2024 жылдың тамызына дейін аяқтау жоспарланған.

    Фото: АШМ Баспасөз қызметі

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →