Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 29 шілде 2026 $ 474,9 540,4 6,09
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жамбыл облысында көлік ішінен отшашу атқан жігіт жазаланды Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын табиғи аумаққа айналады: ол «Бұйратау» ұлттық паркінің құрамына енеді «Ақша желге ұшты»: Қарағандыда «ҚазАвтоЖол» мен әкімдік салған су жаңа жол екі айға да шыдамады Балқаштағы жағажайда жүргізуші көлік айдады Жүргізушілердің қалтасын қаққан Қостанайдағы шұңқыр: Әкімдік қашанға дейін көз жұмып отырмақ? Өскемендегі сұмдық: Су астында қалған көліктен өрт шықты Жамбыл облысында көлік ішінен отшашу атқан жігіт жазаланды Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын табиғи аумаққа айналады: ол «Бұйратау» ұлттық паркінің құрамына енеді «Ақша желге ұшты»: Қарағандыда «ҚазАвтоЖол» мен әкімдік салған су жаңа жол екі айға да шыдамады Балқаштағы жағажайда жүргізуші көлік айдады Жүргізушілердің қалтасын қаққан Қостанайдағы шұңқыр: Әкімдік қашанға дейін көз жұмып отырмақ? Өскемендегі сұмдық: Су астында қалған көліктен өрт шықты

    Қытайлық “Singer” жобасына Рухия Байдүкенова қатысатыны белгілі болды

    Қытайлық “Singer” жобасына Рухия Байдүкенова қатысатыны белгілі болды

    Көптеген халықаралық ән байқауының жеңімпазы Рухия Байдүкенова жаңа белесті бағындырмақ. Енді ол Димаш Құдайбергенге миллиондаған жанкүйер сыйлаған қытайлық “Singer” жобасына қатысады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Бұл туралы продюсер Ертай Нүсіпжанов instagram парақшасында жазды.

    «Араға 7 жыл уақыт салып “Singer” сахнасына қайта оралдық. Бұл жолы — Рухия.

    4 жыл үзілістен кейін тағы да миллиондаған көрерменге жол тартқан аты әлемге әйгілі музыкалық тележоба осы жылдың мамыр айында басталды. Бұл маусымның басты ерекшелігінің бірі — жоба тікелей эфирде өтіп жатыр. Бағалау халықтың дауыс беруі негізінде болады.

    Рухия бүгін, Қазақстан уақытымен сағат 17:00-де 8-кезеңде өнер көрсетеді. “Топ жару” статусымен келген бірінші шетелдік әншіге қойылған талап бойынша, Рухия алдыңғы 7-кезеңде үздік 4-ке енген әншілердің бірін таңдап, онымен жекпе-жек сайысқа түседі. Бағалаушы барша көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша, жеңсе келесі кезеңге өтеді. Ал, жеңілсе біз үшін сайыс осы тұста аяқталады.

    Қалай болғанда да бұл үлкен еңбек, артыс-тартыспен келген жеңіс. Жеңіс дейтінім үлкен сахнада тағы бір қазақ күллі әлемге өнер көрсетіп, Қазақтың атын шығарады. Бұдан асқан жеңіс бар ма, сірә!

    Қуан қазақ! Қолда қазақ!», — деп жазды ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →