Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 16 тамыз 2026 $ 463,9 536,7 5,51
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Кенжебек Жанәбілов отадан кейінгі жай-күйімен бөлісті Нұрай Серікбайдың ағасы қарындасына арнаған жазбасы елді жылатты Тоқтар Серіков Бекжан Әшірбаевтың қазасына көңіл айтты Канье Уэсттің концерті кезінде Алматыда байланыс шектеледі Алматы облысында кәмелетке толмаған қыздарға қатысты қылмыс жасаған ер адам ұсталды Назым Қызайбай «Олимпиада қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» атанды Кенжебек Жанәбілов отадан кейінгі жай-күйімен бөлісті Нұрай Серікбайдың ағасы қарындасына арнаған жазбасы елді жылатты Тоқтар Серіков Бекжан Әшірбаевтың қазасына көңіл айтты Канье Уэсттің концерті кезінде Алматыда байланыс шектеледі Алматы облысында кәмелетке толмаған қыздарға қатысты қылмыс жасаған ер адам ұсталды Назым Қызайбай «Олимпиада қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» атанды

    Серік Ибрагимовтың әйелі тойда үнді биімен қонақтарды таңғалдырды

    Серік Ибрагимовтың әйелі тойда үнді биімен қонақтарды таңғалдырды

    Танымал әнші Серік Ибрагимовтың әйелі, блогер Айнамкөз Абдимаева тойда үнді биін билеп, көпшіліктің ықыласына бөленді. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі хабарлайды. Блогер келіншек бала күнінде би үйірмесіне қатысқанын айтты.

    Сюрприз! 15 жыл үзілістен кейін сахнаға шығуым. Жақындарымнан ешкім білген жоқ. Тек 2-3 адамға айттым. Өйткені жоспар құру керек болды. Құрбыма рақмет! Екеуміз тығылып жүріп, 3-4 рет 2 сағаттан кездесіп, репетицияға барып жүрдік. Көбі шок болды. Өйткені биші болғанымды естігенімен, билегенімді көрмеген. Тіпті жолдасым Серік те бірінші рет көріп тұр. Тосынсый орындалды! Анам жылап қалды,” – деп жазды блогер.

    Серік Ибрагимов әйелі Айнамкөздің өнеріне таң қалып, көпшілікпен бірге тамсанып отырды. “Қатты таңғалып, шок болып отырмын. Хамза да “Мынау менің анам ба?” деп сұрап жүр,” – деп жазды әнші.

    Желі қолданушылары Айнамкөздің өнеріне жоғары баға беріп, үлкен сахнада өнер көрсетуін тіледі. “Керемет қимыл, үйлесімді қойылым болыпты”, “Үш баласы бар келіншек деп айтпайсың”, “Анаңызды қатты құшақтағанда жыладым”, “Серіктің реакциясын түсіріп алу керек еді,” – деп жазды оқырмандар.

    Айта кетейік, бұған дейін Серік Ибрагимов «Табысымның бәрін әйелім ұстайды» деп ақшаға қатысты ойын айтқан болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →