Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 30 тамыз 2026 $ 464,4 538,0 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда тұрғын үй өртеніп, бір әйел ауруханаға жатқызылды «Келінім үйде ештеңе істемейді»: Айгүл Иманбаева отбасылық өмірі туралы сыр шертті Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді Астана метросының «Әуежай» станциясы 28 тамыздан бастап жабылады Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр Жаздың соңғы күндері Қазақстанға жаңбыр мен салқын әкеледі Алматыда тұрғын үй өртеніп, бір әйел ауруханаға жатқызылды «Келінім үйде ештеңе істемейді»: Айгүл Иманбаева отбасылық өмірі туралы сыр шертті Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді Астана метросының «Әуежай» станциясы 28 тамыздан бастап жабылады Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр Жаздың соңғы күндері Қазақстанға жаңбыр мен салқын әкеледі

    ІІМ Садықовты атты деген күдіктілере қатысты түсініктеме берді

    ІІМ Садықовты атты деген күдіктілере қатысты түсініктеме берді

    ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Киевте Айдос Садықовқа қастандық жасады деген күдікпен ұсталған А. Жақанбаевқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер ІІМ өкілінен «күдікті Жақанбаев тергеу органдарына өзі берілді ме?» деп сұрады.

    Өз кезегінде М. Қожаев күдікті Қазақстанның ішкі істер органдарына өз бетінше хабарласқанын айтты.

    «Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Арнайы прокурорлар осы іспен айналысып отыр. Ішкі істер министрлігі қазір жедел іздестіру қызметімен айналысып жатыр», — деді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.

    Сонымен қатар ол екінші күдікті Мейрам Қаратаевты іздестіру жұмыстары жалғасып жатқанын нақтылады.

    Биыл 22 маусымда Қазақстанның Бас прокуратурасы Киевте Айдос Садықовты атып кетті деп айыпталған күдіктілердің біреуі (Алтай Жақанбаев) қамалғанын хабарлады.

    Еске сала кетейік, 18 маусымда Киевте тұратын журналист Айдос Садықовты үйінің жанында әлдебіреулер атып кетті. Ол қазір ауруханада жатыр.

    Украина прокуратурасы екі күдіктінің сол күні-ақ шекараны кесіп өтіп, елден кетіп қалғанын хабарлады.

    Фото: ҚР ІІМ

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →