Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 28 қазан 2026 $ 453,3↑€ 506,4↓₽ 5,61↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сабина Алтынбекова Павлодардағы тренер оқиғасынан кейін жүйені қайта қарауды талап етті • Нилуфар Раимова әлем чемпионатының финалына шыға алмады • Өскеменде Subaru Forester ағашқа соғылды: екі жолаушы зардап шекті • Павлодарда волейбол жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін ұрды • Бағдат Сабаз Астанадағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды • Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky клипі плагиат дауына тап болды • Сабина Алтынбекова Павлодардағы тренер оқиғасынан кейін жүйені қайта қарауды талап етті • Нилуфар Раимова әлем чемпионатының финалына шыға алмады • Өскеменде Subaru Forester ағашқа соғылды: екі жолаушы зардап шекті • Павлодарда волейбол жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін ұрды • Бағдат Сабаз Астанадағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды • Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky клипі плагиат дауына тап болды •

    Қазақстан бюджеттің 17 пайызын қарызды өтеуге жұмсап отыр

    Қазақстан бюджеттің 17 пайызын қарызды өтеуге жұмсап отыр

    Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

    Он жыл бұрынғы борыштарды төлеудің басым көлемінің жүктемесі 2024-2025 жылдарға түседі, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    «Қарыз алу құралын кеңінен қолдану даборыш жүктемесінің тәуекелін арттырады. Қазірдің өзінде борышты өтеу және қызмет көрсету шығыстары бюджеттің барлық түсімдерінің 17%-дан астамын құрайды. Біздің бағалауымыз бойынша, он жыл бұрынғы борыштарды төлеудің басым көлемінің жүктемесі 2024-2025 жылдарға түседі.

    Борыш тұрақтылығының ағымдағы жай-күйін сапалы бағалауды қамтамасыз ету үшін базалық көрсеткіштер тізбесін кеңейту маңызды. Қарыз қаражаты индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларға бағытталуы тиіс. Мұндай жобалар табысты генерациялау керек», — деді Әлихан Смайылов.

    Сонымен қатар соңғы жылдары шығындар да едәуір өсіп келеді. Бұл ретте мұнайға қатысты емес кірістер шығыстардың 50%-ға жуығын қамтамасыз етіп отыр. Қалған бөлігі негізінен Ұлттық қордың трансферттері және қарыздарды тарту есебінен өтеледі. Сондықтан тапшылықты ұстап тұру жеткіліксіз. Ол үшін тапшылығы жоқ бюджетті қалыптастыратын ұзақ мерзімді жоспар қажет.

    «Ұлттық қорды басқару жөніндегі нормативтік құқықтық  база тұрақтылықты қажет етеді. Олай болмаған жағдайда Мемлекет басшысының Ұлттық қордың валюталық активтерін 2030 жылға қарай $100 млрд дейін ұлғайту жөніндегі мақсатына қол жеткізбеу тәуекелі жоғары екенін көріп отырмыз», — деді бас аудитор.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →