Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді • Қазақстан тұщы су қоймаларын қалпына келтіру көлемі бойынша әлемдегі ондыққа кірді • Қазақстандық журналист Талғат Алманов АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасының жаңалықтар редакциясын басқарды • Дариға Бадықованың анасы есік көрсетіп, Олжас Абайға төс тартты • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді • Қазақстан тұщы су қоймаларын қалпына келтіру көлемі бойынша әлемдегі ондыққа кірді • Қазақстандық журналист Талғат Алманов АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасының жаңалықтар редакциясын басқарды • Дариға Бадықованың анасы есік көрсетіп, Олжас Абайға төс тартты •

    Сара Назарбаева негізін қалаған институт мемлекет меншігіне өтті

    Сара Назарбаева негізін қалаған институт мемлекет меншігіне өтті

    Үкімет қаулысына сәйкес, «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Бұл институт соңғы екі жылда жұмыс бағытын өзгертіп, ребрендинг жасаған болатын. Оған дейін ол Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты деп аталып келді.

    Аталған институт 2021 жылы Сара Назарбаева негізін қалаған «Бөбек» қорының жанынан ашылған болатын. Институттың негізгі миссиясы – «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы арқылы елдің адами әлеуетін дамытуға үлес қосу болды. Ал Қазақстанда «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы 2022 жылы заң жүзінде өз жұмысын тоқтатты.

    Ендігі уақытта «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету жүйесіне жәрдем берумен айналысады. Оның негізі мақсаты – қазақстандық балалардың әл-ауқат деңгейін Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына мүше елдердің деңгейіне дейін арттыру.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →