Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 30 тамыз 2026 $ 464,4 538,0 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада велосипед мінген әйелді жүк көлігі қағып, қаза тапты «Мама, мені жалғыз қалдырдың»: Анна Данченконың отбасы қара жамылды Аида Балаева журналистерді кәсіби этиканы сақтауға шақырды «Сені жақсы көреміз»: Димаш Құдайберген қарындасына сахнада тосын сый жасады Алматыда тұрғын үй өртеніп, бір әйел ауруханаға жатқызылды «Келінім үйде ештеңе істемейді»: Айгүл Иманбаева отбасылық өмірі туралы сыр шертті Астанада велосипед мінген әйелді жүк көлігі қағып, қаза тапты «Мама, мені жалғыз қалдырдың»: Анна Данченконың отбасы қара жамылды Аида Балаева журналистерді кәсіби этиканы сақтауға шақырды «Сені жақсы көреміз»: Димаш Құдайберген қарындасына сахнада тосын сый жасады Алматыда тұрғын үй өртеніп, бір әйел ауруханаға жатқызылды «Келінім үйде ештеңе істемейді»: Айгүл Иманбаева отбасылық өмірі туралы сыр шертті

    Қазақстандық шенеуніктер мен олардың әйелдерінде әлемнің 70 елінде мүлкі бар

    Қазақстандық шенеуніктер мен олардың әйелдерінде әлемнің 70 елінде мүлкі бар

    Фото: Pixabay

    Қазақстандық шенеуніктер мен олардың әйелдерінде әлемнің 70 елінде мүлкі бар. Бұл туралы журналист Сырым Итқұлов жазды, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Декларацияны мемлекеттік қызметкерлер мен олардың әйелдері берген. Оның ішінде, мемлекеттік мекеме мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері де бар, деп жазады Dalanews.kz.

    Декларация тапсырғандардың ішінде 1 170 жеке тұлғаның 83 елдегі шетелдік банктерде шоттары бар. Ең көбі Ресей Федерациясындағы, Америка Құрама Штаттарындағы, Түркиядағы банктерде тіркелген.

    71 елде 2 976 жеке тұлғаның 3 959 жылжымайтын мүлігі бар. Ең көбі Ресейде, Түркияда және Болгарияда тіркелген.

    67 елде 1 421 жеке тұлғаның 1 657 көлігі бар. Ең көбі — Ресейде, Арменияда және Жапонияда.

    Сонымен қатар, 93 адамның 21 елде 161 зияткерлік меншік нысаны бар болып шықты.

    Айта кетейік, бұл тек ресми декларациядағы деректер. Мемлекеттік қызметкерлердің мүліктері әйелінен бөлек, өзге туыстарына да жазылған болуы мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →