Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді • Қазақстан тұщы су қоймаларын қалпына келтіру көлемі бойынша әлемдегі ондыққа кірді • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді • Қазақстан тұщы су қоймаларын қалпына келтіру көлемі бойынша әлемдегі ондыққа кірді •

    Шымкентте жүргізуші полицейді капотына «отырғызып», бірнеше метрге жүріп өткен (видео)

    Шымкентте жүргізуші полицейді капотына «отырғызып», бірнеше метрге жүріп өткен (видео)

    Шымкентте көлікті тоқтатпақ болған полицейді жүргізуші капотына салып, бірнеше метрге жүріп өткен. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі Otyrar басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    Видеодан патрульдік полицейдің Toyota-ның капотында жатып көлікті тоқтатуға тырысқанын көруге болады. Алайда жүргізуші тоқтамай тұрып бірнеше метрге жүріп өткен.

    Оқиғаға қатысты пікір білдірген полиция департаментінің өкілдері Toyota жүргізушісін жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатпақ болғанын айтады. Алайда ол тәртіп сақшыларының талабына бағынбаған. Аталған жағдайдан кейін жүргізушіге қатысты бірнеше бап бойынша хаттама толтырылыпты.

    “Жүргізуші жол жүру ережесін бірнеше рет бұзғаны үшін тоқтатылды. Әкімшілік хаттама толтыру кезінде жүргізуші талапты орындамай, кетіп қалуға тырысқан. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірнеше бабымен хаттама толтырылды”, – делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →